Баспасөз – 2021: Жамбыл облысы педагогтерінің пікірлері
Қазақстандық педагогтердің маңызы зор ақпарат құралы
Нагима КАЙМАЛАКОВА, учитель русского языка и литературы ОШГ №17 Меркенского района: Газета «Білімді ел – образованная страна» вносит огромную лепту для поднятия статуса педагога в нашей стране. Социальный проект газеты «Моему учителю с любовью» достоин высокой оценки и благодарности миллионов казахстанцев.
Нравится, что издание позитивно, взвешенно освещает вопросы реформирования системы образования, пропагандирует инновационный опыт лучших учителей страны, привлекает своих читателей к диалогу и сотрудничеству. Газета «Білімді ел» мотивирует педагогов, общественность совместно решать актуальные проблемы образования, выполнять образовательную миссию с любовью и заботой о будущем нашей страны. Огромную благодарность хочется выразить коллективу газеты и пожелать дальнейших творческих успехов.
Болатбек КЫСТАУОВ, директор ОШЛ №9 им. В.Саввы, Меркенского района: Для современного образования газета «Білімді ел» выступает одной из главных ценностей. Всем известно, что на сегодняшний день конкуренцию прессе составляют телевидение и интернет, но газета «Образовательная страна» для каждого педагога – это драгоценный клад полезной информации в сфере образования.
Перечитывая каждый выпуск , я открываю для себя мир новых технологий преподавания, имею возможность перенять идеи, опыт выдающихся деятелей, педагогов нашей страны. «Білімді ел» – это верный помощник во всех начинаниях и продолжениях педагогической деятельности, это открытость и готовность к сотрудничеству и самое главное – это поддержка работников образования. С удовольствием продолжу быть активным читателем газеты «Білімді ел». Искренне желаю вам творческих успехов и процветания!
Гулфиза ШАЙМЕРДЕНОВА, Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 ЖББТМ-і директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: – Ахмет Байтұрсыновтан артық бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалына баға берілмеген шығар, сірә. Алаш ардақтысының айтуынша «газет-халықтың көзі, құлағы һәм тілі». Олай болса, адамзаттың өміріне дене мүшелері қаншалықты қажет болса, газет те сол қоғам үшін қажетті ақпарат көзі.
Ал ұстаздар қауымы үшін, газет – сауаттылық пен эстетиканың, тәрбие мен білімнің насихатшысы. Жаһандану дәуіріндегі жаңалықтың жаршысы болып отырған «Білімді ел» газеті қазіргі кезде білім саласындағы ақпарат пен жаңаша оқытудың әліпбиіндей бағдар беріп, мазмұны мен мақсаты үйлескен газет дер едім. Газеттің кез-келген саны әлемдік білім берудің тың жаңалықтарын танып, әріптестің бай тәжірибесінен бағыт алып, әдістемелік шеберхананың үздік әрі тиімді әдіс-тәсілдерін үйреніп, өзіңді дамытуға, өзгеге сындарлы оқытуға ой салады.
Сондықтан да «Білімді ел» газеті жаңаруға ұмтылған, тұлға тәрбиелеуді борышым деп сезінген, құзіреттілігін арттыруды мақсат тұтқан әрбір педагог үшін қажетті әрі қолжетімді газет. Осындай мазмұн сапасы мен әлеуметтік қажеттілікке сай келген «дүниені» дайындайтын газет ұжымына өз атымнан және әріптестерімнің атынан үлкен алғысымды білдіремін. Еңбектеріңізге шығармашылық табыс, өсу мен өркендеуді тілеймін!
Айдар ЖҰМАҒҰЛОВ, «Балалар мен жасөспірімдер» орталығының директоры, Т.Рысқұлов ауданы: – «Бiлiмдi ел – Образованная страна» апталығы бүгінде қоғам мен әр отбасын мазалаған білім саласындағы жаңарудың мәнін ашатын, қайталанып басылмайтын мақалалар жариялап отырады.
Газеттің мазмұны әр түрлі – білім беру мекемелеріне, жоғары оқу орындары, колледж, мектеп, балабақша қызметкерлеріне, ата-аналарға, студенттерге, оқушыларға және барлық білімге қатысты сұрақтарға бей-жай қарамайтын жандарға пайдалы әрі қажетті газет болып саналады. Газеттен білім беру мазмұнының жаңаруы, мемлекеттік тілдің жетілуі, мәдени және рухани құндылықтардың қалыптасуы, патриоттық тәрбие, салауатты өмір салты және басқа да қоғамның дамуына арналған мәселелер туралы мағұматтар алып отырамыз.
Басылым озық ғылыми ойлардың, педагогикалық еңбектің, білім беру саласындағы тәжірибе алмасулардың көпшілікке таралуын мақсат етеді. Бүгінде осы басылым арқылы оқырмандар арадағы байланыстың тұрақтылығымен үлгі бола алады.
Эльмира ЗАКИМБАЕВА, Жамбыл атындағы орта мектебінің директоры, Т.Рысқұлов ауданы: – Білім саласының дамуы – бүгінде өркениеттің өлшемі, қоғам дамуының басты көрсеткіші дейтін болсақ, білім саласындағы басылымдардың алар орны ерекше деп білеміз.
«Білімді ел» – шығармашылық ұжымның жаhандану заманында бәсекеге қабілетті және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген жас ұрпақты тәрбиелеуге мүдделі әрі оқу үдерісіндегі заманауи жаңалықтарды білуге ұмтылатын, еліміздегі білім саласындағы өзгерістерді жеткізетін және жанашыр азаматтардың түрлі тақырыпта ой айтып, пікір білдіретін, жаңалыққа толы газеттің бірі. Газеттің тұтас мазмұны оқырманның жан дүниесін рухани ізгіліктерге байытуға бағытталған.
Бүгінде басылым көптеген оқырманмен тұрақтанған. Бұған, мектеп ұжымының асыға күтетін және оқырманды шыққан мақалаларымен, жаңалығымен қызықтыратын нақты басылым екені дәлел.
Қарлығаш ЖАНЫСБЕТОВА, Мұхтар Әуезов атындағы орта мектептің педагог ұйымдастырушысы, Шу ауданы: – Бүгінгі күні қаншама еңбек адамының, мəдениет пен өнер қайраткерінің, озық ойлы саясаткер мен ғалымның биікке жетуіне себепкер болған ол – ұстаз. Кішкентай бүлдіршіннің саналы да салауатты азамат, білімді де білікті маман болып тəрбиеленуіне ұстаздың қосатын үлесі зор.
Ұстаздардың рухани дүниесін кеңейтуде, олардың шығармашылығын шыңдап, білім саласындағы жаңашылдықтан хабардар болып отыруына бұқаралық ақпарат құралдары керек-ақ. Сондай басылымның бірі – «Білімді ел» газеті. Ұстаздардың ойлау, өзінше тұжырымдау, өзіндік пікірін айта білуге тəрбиелеу – «Білімді Ел» газетінің басты мақсаты.
«Білімді Ел» газетінде оқу-ағарту, білім, ғылым мәселелері үзбей жарияланып тұрады. Өзге басылымдардан газет өзіндік қалыбымен, көлемімен ерекшеленеді. Оның əрбір санында ұстаздардың үні, тынысы бар. «Білімді Ел» газетінің ұжымына шығармашылық табыс, жемісті еңбек тілейміз!
Ләзат АҚЫЛБАЕВА, Ы.Алтынсарин атындағы № 49 мектеп гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Тараз қаласы: – Газет – зиялы, білімді адамдардың сенімді серігі. Қоғам санасын жаңғыртуда газеттердің алатын орны ерекше. Газет – сауаттылық пен эстетиканың жаршысы, адамға тәрбие беруші құрал. Осындай газеттердің бірі – «Білімді ел – Образованная страна».
Білім беру жүйесін әлемдік үрдістерге сай жаңаша ұйымдастыра білетін, педагогикалық құралдарды жетік меңгерген білікті, шығармашыл тұлғалардың еңбектерін, ой-пікірлерін, іс-тәжірибелері мен мақалаларын «Білімді ел» газетінен табамыз. Мұғалім-зерттеуші, озық тәжірибені үйренуші, өз еңбегінің нәтижесіне талдау жасаушы, тәжірибесін жинақтаушы болғандықтан, бұл газеттің бізге берері көп. Дүниетанымызды кеңейтуге, болып жатқан жаңалықтардан хабардар болуға көп мүмкіндік береді. Өз оқырмандарына үнемі жаңашылдықты көрсете білетін газетке табыс тілеймін.
Шолпан ЭРКИНБЕКОВА, Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп гимназия директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары: «Бiлiмдi ел – Образованная страна» республикалық білімділік, қоғамдық-саяси газеті мен үшін өте мазмұнды ақпарат құралы. Білім саласының барлық өкілдеріне, әсіресе педагогтерге берері мол.
Білім берудің жаңа әдіс-тәсілдері газеттің әр санынында жарияланып отырады. Әрбір жарияланған мақаланы толық оқып отырамын. Әріптестеріммен үнемі бөлісуге тырысамын. «Білімді ел» газетін бүгінгі заман талабына сай үздіксіз өзгеріп жатқан білім беру процесіндегі жаңалықтардың жаршысы дер едім.
Жанат АМИРОВА, директор средней школы №13, город Тараз: – Газета «Білімді ел – Образованная страна» информирует нас, читателей, о новостях министерства образования и науки республики Казахстан, даёт объективную информацию о состоянии образования в стране, оказывает юридическую помощь, инициирует социальные проекты, делится наиболее важными событиями, происходящими в удивительной стране “Учительство».
В газете есть рубрика « Международный проект» , материалы в ней очень полезны . Как администратору школы, мне особенно интересно узнать о положительном опыте работы других школьных коллективов по всем направлениям преподавательской деятельности, расширить границы взаимодействия учителей внутри школы и за ее пределами. Заново переосмыслить свою профессиональную деятельность – это важный этап развития каждого современного педагога. Большое спасибо редакции газеты «Білімді ел – Образованная страна» за предоставленную возможность. Хочется пожелать Вам удачи в реализации планов и проектов.
Әлішер ӘЗІМБАЙ, Төле би атындағы №8 гимназияның директоры, Тараз қаласы: – Білім жүйесіндегі тың жаңалықтар мен әдістемелік шеберлікті, ата-ана мен ұстаз, оқушы үштағанның қарым-қатынасын жіті бақылап жеткізіп отырған салалық басылымның еліміздегі барша педагогтер қауымы үшін орны бөлек.
«Білімді ел» газеті өзінің тұрақты оқырманына оқу үрдісіндегі жаңалықтар мен жаңашылдықты насихаттап отырған ұстаздар қауымының сүйікті басылымы. Үнқағаз педагогтердің әдістемелік шеберліктерін ұштап, тәжірибелерін алмасуда алтын көпірге айналып отыр. Газет бетінде оқушылар мен білімгерлер өздерінің тырнақалды туындыларын жариялап, осы газет арқылы алғашқы тұсаукесерін жасайды. Қоғам өміріндегі оқиғалардан да шет қалмай отырған газет ұжымының шығармашылығына шабыт, еңбектеріне табыс тілеймін!
Оксана БОЯРИНОВА, заместитель директора гимназии № 24 города Тараз по научно-методической работе: – Я являюсь постоянным читателем газеты «Білімді ел» – «Образованная страна» с 2015 года. Отличительная черта газеты – открытость для каждого, кто неравнодушен к проблемам образования, восприимчивость к педагогическим инновациям, живой отклик на требования времени и достижения передовой научно – методической мысли.
Эти качества выгодно отличают газету от печатных аналогов с консервативными традициями и определяют тематические выпуски и рубрики, насыщенные полезной для вдумчивого читателя информацияей. Особенно отрадно, что издательство ставит своей целью популяризацию педагогического труда, рост престижа профессии Учителя, пропаганду передового опыта в сфере образования. На страницах газеты освещаются все аспекты повседневной деятельности педагогов – новаторов, казахстанских ученых, опыт коллег ближнего и дальнего зарубежья. Хочется пожелать любимой газете дальнейшего процветания, а всем коллегам – педагогам страны больших творческих успехов!
Гулнар СЫЗДЫКОВА, директор школы-гимназии имени Баймырзы Бесбаева, Жамбылского района: – Газета «Білімді ел – Образованная страна» является «настольной книгой» работников системы образования.
На его страницах содержатся не только интересные статьи в области образования, но материалы, отражающие опыт и проблемы стратегического планирования и управления. Само название, говорит за себя. Различные статьи об образовательных новшествах получают признание как со стороны педагогов, так и со стороны родителей. Хочу поблагодарить работников газеты и пожелать дальнейших творческих успехов!
Даметкен БЕГМАНОВА, Ю.Гагарин атындағы мектеп – лицейінің директоры, Жамбыл ауданы, Аса ауылы: – Бүгінгі таңда ақпараттар легі күн санап жылдам таралуда. Елімізде түрлі бағытта ақпаратты қамтитын түрлі сайттар, блог-тұғырнамалар легі артуда. Дегенмен білім саласының тың жаналықтары мен сапалы әрі озық тәжірибелерді бөлісуде беделді де танымал апталықтың орны ерекшеленіп тұрады.
«Білімді ел – Образованная страна» газеті өзін дамытқысы келетін, өзін көпшілікке танытқысы келетін, бала тәрбиесінде көмек қажет ететін әрбір педагогке, ата-анаға, жастарға нағыз дос бола білген баспа. Интеллектуалды, білімді, озық ойлы азаматар тәрбиелеуде, аталмыш газеттен әлі талай сапалы дүниелерді оқимыз деген ойдамын.
Айсұлу БАЙЖОЛОВА, Тұрар Рысқұлов аудандық білім бөлімінің әдіскері: – Білім – адамға қажетті басты құндылық. Ол ізденіспен, ізгі тәрбиемен бекіп, адамзаттың басына сәулелі тәж болып киіледі. «Газет-халықтың көзі, құлағы һәм тілі» – сөзі өткен ғасырдың өзінде бекер айтылмаса керек.
Оның мәніне үңіліп, мағынасын зерттегенде газеттің халық өміріндегі орны ерекше екенін аңғарамыз. Сондай салмақты көтеріп жүрген басылым ол-«Білімді ел» газеті. Үлкен мен кішіге бірдей пайдалы, ғылым және білім жаңалықтарын жариялап, бөлісері бар педагогтардың пайымды кеңесін жарыққа шығаратын газеттің ұрпаққа береі мол. Сондықтан бұл газет бәріміз үшін әсіресе білім саласында тер төгіп жүрген жандардың жан серігіне айналуы тиіс. Мазмұны мен мәні осы мүддеден шығатын шығармашылық ұжымның ізденісі үнпарақ бетіне жарық көретін материалдардан аңғаруға болады.
Бөліп қарары жоқ, тұтастай алғанда әр айдары мен ақжолтай жаңалықтары көңілімізді марқайтады. Біз іздеген дүниенің жұмбағын шешеді. Көптің ыстық ықыласына бөленіп жүрген «Білімді ел» газетінің ұжымына шығармашылық шабыт тілеп, биікке өрлей берсін деген ниет білдіреміз.
Айгерім ИЕМБЕРДИЕВА, білім басқармасының баспасөз хатшысы: – «Халықтың көзі, құлағы һәм тілі» болған республикалық газеттің еліміздің бүгінгі медиа нарығында дара қолтоңбасы мен елеулі орны бар. «Білімді ел» апталығы білім мен ғылым саласындағы мемлекеттің саясатын, Білім және ғылым министрлігі тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды және білім беру ұйымдарының қызметін жедел әрі шынайы түрде ақпараттандырады.
Қоғамдағы елеулі оқиғалар да шет қалып жатқан жоқ. Ең маңыздысы – облыстық білім басқармаларымен «кері байланыс» жасау жүйесі жолға қойылған. Бұл арқылы аймақтардағы білім саласындағы жаңалықтар мен мұғалімдердің тың тәжірибелері республика көлемінде ақпараттандырылуда.
Қазіргі ақпаратқа қойылатын басты талап – оның жеделдігі. Бұл ретте басылымның ресми сайтының жұмысы ерекше. Басылымда жарияланған мақалалар мен өзекті жаңалықтар www.bilimdinews.kz сайтында үздіксіз, жедел әрі тегін орналастырылады. Ұстаздар қауымы үшін жаңалықтың жаршысына айналған салалық басылымның ұйымшыл ұжымына шығармашылық табыстар тілеймін. Іздеп оқитын оқырмандарыңыз көп болсын!
Дайындаған – Жамбыл облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.
Загрузка...