Қосымша білім беру: Ұйымдастырудың тиімді жолдары

Қосымша білім беру ұйымының басты мақсаттарының бірі – балаларға қосымша білім беруді ұйымдастыру  барысында әр баланың бойындағы шығармашылық қабілетін оятып, еңбек етуге, өнерде алғашқы қадамдарын жасауға үйретуге ұмтылу. Қосымша білім беру педагогының маңызды міндеттерінің бірі – жеке шығармашыл тұлға тәрбиелеу.

Қосымша білім беру жүйесінде әр оқу бағдарламасын меңгеру нәтижесі – баланың өзі таңдаған бағытына қызығып, бейімделуі, сондықтан қосымша білім беру жүйесінде  оқу бағдарламасы әр балаға лайықты құрылады. Біздің балалар шығармашылық үйінде тоғыз бағытта жұмыс түрлері жүргізіледі: ғылыми – техникалық бағытта екі үйірме, ұлттық бағытта – тоғызқұмалақ үйірмесі, спорттық бағытта балалардың қуана ойнайтын футбол және үстел теннисі, сәндік- қолданбалы, сурет бағытында он үйірме, көркем – эстетикалық бағытта – бес үйірме, әлеуметтік – педагогоикалық бағытта – үш үйірме, экологиялық, өлкетану, ақпараттық – технологиялық бағыттарында бір үйірмеден, туристік бағытта бес үйірме жұмыс жасайды. Осы үйірмелерге аудан мектептерінің алты жастан он жеті жас аралығындағы 940 оқушысы қатысады.

Қосымша білім беру жүйесінде  қатаң регламент  жоқ,  бірақ балалар мен  ересектер  арасындағы  еркін сыйластық қарым – қатынас, шығармашылықпен айналысуға және жеке тұлға болып қалыптасуына жасалған жағд жеке тұлғаға бағытталған технологияларды іс жүзінде пайдалануға мүмкіншілік береді. Қазіргі кезеңдегі оқу технологияларын мүлдем жаңа деп айта алмаймыз, бұл әдіс-тәсілдер тұтас болмаса да кейбір элементтері дәстүрлі әдістерде де көрінеді, яғни педагог өз қызметінде әр технологиялардың элементтерін қолданады. Мысалы: топтық жұмыс, жекелеген ізденіс жұмыстары, тірек сызбалары сияқты технология элементтері бұрыннан таныс. Қазіргі кезде  осы және басқа да технологиялар әсіресе қосымша білім беруді кеңінен қолданылып жүр. Сонымен, жеке тұлғаға бағытталған технологиялардың мақсаты – баланың өз өміріндегі  тіршілігі, тәжірибесін пайдалану негізінде, оның жеке танымдық қабілеттерін барынша жоғары деңгейде дамыту.

Балаларға қосымша білім беруде қолданысқа кең тараған оқйту тәсілі – жеке оқыту. Жеке оқытуда ең бастысы  – әр баланың мүмкіншілігіне, қабілетіне қарай оқу  мазмұнын, түрін, әдісін бейімдеуге болады. Оның жетістіктерін бақылап, қажетті түзетулер енгізуге  мүмкіндік туады. Оқушыға бұл уақыт үнемдеуге, өзінің шығындарын бақылауға, табысты болуына мүмкіндік береді. Жеке тұлғаға бағытталған технологиялар нәтижесі  әр түрлі деңгейдегі сайыстар мен байқауларда, жеке көрмелерде көрінеді. Үйірме мүшелері бұл жерде өз шеберлігін танытуға мүмкіндік алады. Бұл тұста ауыз толтырып айтарлықтай біраз жетістіктеріміз де бар. Бүгінгі күн талабына сай үйірмешілеріміз қашықтан өткізіліп жатқан бірнеше халықаралық, республикалық, облыстық онлайн сайыстарға қатысып бірнеше жүлделі орындарға ие болып жетістіктер қоржынын толтыруға үлкен үлестерін қосып жатыр.

Әсіресе сәндік – қолданбалы және көркем – эстетика бағытындағы үйірмешілеріміздің жетістіктерін атап кеуге болады. Қосымша білім беруде қолданылатын тәсілдердің бірі – топтық технологиялар біріккен іс – әрекеттерді, өзара байланысты, қарым – қатынасты, өзара түсінушілікті, өзара көмекті, өзара түзетуді ұйымдастыруды болжайды. Қазіргі заманғы қосымша білім беруде топтық технологиялар  іс жүзінде кең пайдаланылады. Топтағы ұжымдық қызмет деңгейін бөліп айқындауға болады: барлық топпен бір мезгілдегі жұмыс; жұптармен жұмыс; дифференциация қағидаларындағы топтық жұмыс.

Топтық технология ерекшеліктері – берілген тапсырмаларды шешіп, орындау үшін топ шағын топтарға бөлінеді. Әр баланың еңбегі көрінетіндей тапсырмалар беріледі. Топтың құрамы мақсатына байланысты  өзгеруі мүмкін. Қосымша білім беру жүйесінде ұжымдық шығармашылық қызмет технологиясы табысты қолданылады. Бұл технология балалар мен ересектердің біріккен қызметін ұйымдастыруды қарастырады, ұжымның барлық мүшелері әр істің жоспарлануына, атқарылуына және қолданылуына қатысады.

Еңбек ұжымдық істер технологиясын «Тірі табиғат» үйірмесінің жұмыстарынан көруге болады. Экологиялық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылған экологиялық сенбіліктер, акцияларды айтуға болады. Ұжымдық шығармашылық қызмет технологиясының қолданылуын «Қарлығаш», «Радуга», «Версаль» би топтарынан, «Біз театр ойнаймыз» театр үйірмесінің жұмыстарынан көруге болады. Ұжымда жұмыс істеу, бір – бірін үнсіз түсіну, бір-бірін алмастыру, іс – қимылдарды бірлесе жасау – ұжымның басты қағидасы.

Спорттық – туристік ұжымдық шығармашылық технологиясы туристік бағыттағы үйірмелерде кеңінен қолданылады. Ауданда «Жас турист», «Саяхат», «Компас», «Юность», «Альтаир» сияқты турістік клубтар жұмыс істейді.Туристік сайыстар, чемпионаттар мен спартакиадалар барысында ұжымдық шығармашылық жұмыс өз нәтижесін береді. Бұл технологияның негізгі мақсаты да балаларды ұжымда жұмыс істеуге тәрбиелеу, өз ара түсіністік, қарым-қатынас «Бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін» қағидасын қалыптастырады.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы – сабақ барысында оқушылардың бұрынғы білетінін жаңа біліммен ұштастыра отырып, белгілі бір идеяны қабылдап, оның неге қатысты екенін зерттеп, оларды салыстыра отырып, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе- теңдікте зерттеуге бағытталған оқыту технологиясы. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы жұмыс жасағанда оқушылар өз алдына қойған сұрақтарға жауап іздеп, жан- жақты пікірлесіп, талдау жасап отырады. Оқушылар өз пікірін еркін сөйлеу арқылы айтуға, ойын жеткізуге, оны дәлелдей алуға, сонымен қатар қасындағы оқушы пікірін де тыңдауға, сол пікірлерді салыстыруға, басқалармен жұмыс істеуге, қасындағы досына құрметпен қарауға, зер салып тыңдауға, мәдениетті, батыл сөйлеуге, топпен ортақтасып бір тұжырымға келуге мүмкіндік алады.

Аталған оқыту технологиялары «WEB бағдарламасы», «Робототехника» үйірмелерінің сабақтарында қолданылуда. Ойын технологиялары – ең көп тараған, тиімді,  балалар іс – әрекетін белсендіретін және қарқын беретін әдіс. Ойын технологияларының ролдік,сюжеттік, шығармашылық түрлерін «Біз театр ойнаймыз» үйірме сабақтарынан көруге болады. Балалардың өзара шығармашылық  ойындары, ертегі кейіпкерлерін сомдау, сюжеттік әңгімелер құрау балалардың тілдік дамуына көп көмегін тигізеді. Балаларға арналған қосымша білім беру мекемесіндегі жұмыста қазіргі кезеңдегі технологиялар балалар қызметін ұйымдастыруда нәтижелі тәсілдер және әдістерді таңдауға, олардың белсенділігіне, өзін – өзі дамытуға мүмкіншілік береді.

Сауле Мұхамедқалиқызы САРСЕНОВА,
Балалар шығармашылық үйі директорының
оқу тәрбие жөніндегі орынбасары,
Қостанай облысының Қарабалық ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий