Қашықтан оқыту – білім берудің жаңа форматы
Еліміздегі жағдайға байланысты барлық мектептер ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап қашықтан оқыту форматына көшті. Дегенмен, жаппай қашықтан оқыту форматына өту бірден сәтті болды деп айту қиын. Себебі, ата-анамен оқушы үшін түрлі оқыту порталдарымен ғаламтор арқылы тіркелу, мұғалімнің жанама (алыстан) сабақтағы әдіс-тәсілдерді дұрыс пайдаланбай ауқымды тапсырмалар мен үйге тапсырма беруі, күнделікті сабақты түсіндіруге бейімделген, ұстазын қажет ететін оқушыларға телеарналардан, түрлі платформалардан өз беттерінше оқу қиындық туғызды.

Қарым-қатынас құралдарының дамуымен қашықтан оқытудың әртүрлі әдістеріне қоғамда қызығушылық артты. Оқушыға мектепке келіп уақыт жұмсаудың қажеті жоқ, сабақты өзі үшін ыңғайлы кез-келген уақытта оқып, тапсырмаларды үйде отырып орындай алады. Біздің білім жүйесі ұзақ уақыт реформалармен қашықтан оқытуға дайындалып келе жатса да карантин кезінде мәжбүрлі түрде көшуге тура келді. Енді қашықтан оқыту мен онлайн оқытудың айырмашылығын тоқталып кетсем. Қашықтан оқыту және онлайн оқыту бір-бірімен байланысты болғандықтан, адамдар осы екі терминмен шатастыратын, бірақ қашықтан оқыту мен онлайн оқытудың арасында белгілі бір айырмашылық бар. Қашықтан оқыту термині оқу процесінде оқушының әр түрлі географиялық қатысуына назар аударады, ал «Online Learning» интернеттегі оқыту әдісіне назар аударады.
Онлайн режимінде оқыту қашықтан оқыту курстарынан өткен қатысушыларға курстық мазмұнды жеткізу әдісі ретінде қолданылады. Екінші жағынан, қашықтан оқыту әрқашан екі тарапты, оқу орны мен қатысушыны қажет етеді. Алайда, «Online Learning» термині қарастырылған кезде оны интернеттегі қол жетімді деректерді өзінің қызығушылығы туралы білім алу үшін пайдаланатын адамның өзін-өзі басқаруына сәйкес де түсіндіруге болады. Мысалы, кез-келген адам Интернеттегі ақысыз оқу құралдарын қолдана отырып, белгілі бір графикалық құралдар, бағдарламалар туралы біле алады. Қашықтықтан оқыту дегеніміз не? Қазіргі уақытта барлық әйгілі жоғары оқу орындары түрлі қашықтан оқыту курстарын ұсынады, олар хабарлау, материалдарды жіберу, коммуникациялық технологиялар, жазылған оқулықтар, интерактивті оқу құралдары мен бағдарламалық қамтамасыз ету сияқты бірқатар әдістерді қолданады.
Осылайша, қашықтан оқыту – бұл тәжірибе емес, дәріске қатысушылардың аудиториясында тәжірибе алмасу болып табылады. Оқытудың бұл форматы жеке оқушыға бағытталған. Қашықтан оқыту курстарының көпшілігінде виртуалды оқыту платформалары сияқты онлайн-ресурстар оқушылардың нақты уақыт режимін бағалау үшін қолданылады. Жоғарыда айтылғандай, онлайн режимі қашықтан оқыту жағдайындағы форматқа қарағанда оқытудың белгілі бір әдісін, режимін білдіреді. Онлайн режимінде оқыту өздігінен жүргізілуі мүмкін, сонымен қатар оқу орны ұсынатын қашықтан оқыту курсында онлайн-ресурстар арқылы жеткізілген курстың мазмұнын көрсете алады. Кейбір мекемелер қашықтан оқыту курстарын тек онлайн режимінде ғана ұсынады. Онлайн режимінде оқыту жүктелетін материалдан интерактивті оқыту бағдарламалық жасақтамасына дейін, тестілеу мен марапаттау жүйесімен шектелген көптеген әдістерге ие.
Бұдан басқа, интернетте ақысыз онлайн курстар бар, оны компьютерге кіру мүмкіндігі бар кез-келген адам қашықтан оқыту курстарындағыдай ресми қабылдау рәсімдерінсіз жүргізе алады. Интернетте ағылшын тілін және IT-дағдыларын бірнеше кезең-кезеңімен нұсқаулықпен ақысыз алуға болады. Қашықтан оқыту мен онлайн оқытудың айырмашылығы неде? Жалпы, ғаламтор негізінде оқыту әдісі болып табылатын онлайн оқыту қашықтан оқыту мақсатында кеңінен қолданылады. Сондай-ақ, «онлайн оқыту» термині ақысыз білім беру ресурстарын пайдалана отырып, жеке тұлғаны оқытуды білдіруі мүмкін.Мұндай жағдайлардың кез-келгенінде, қашықтан оқыту және онлайн режимінде оқыту қатысушы тобына емес, жеке адамға бағытталған.
Оқу процесін ұйымдастырудың кез-келген арнайы формасы сияқты, қашықтан оқытудың да арнайы ерекшеліктері бар. Олар төмендегідей: икемділік – әр адам өзінің оқуына қалаған уақытын бөле алады; модульділік – қашықтан оқу арқылы оқушылар тақырыптарға бір көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік алады. Қашықтағы әрекет – оқушының орналасқан жерінен мектепке дейінгі қашықтық (сапалы байланыс жағдайында) тиімді оқу процесіне кедергі болмайды. Асинхрония – бұл оқу процесінде мұғалім мен оқушы оқу технологиясын бір-біріне тәуелсіз уақытында, яғни барлығына ыңғайлы кезде және ыңғайлы қарқынмен жүзеге асыра алатындығын білдіреді. Қамту – бұл мүмкіндікті кейде «масса» деп те атайды. Оқушылар саны маңызды параметр емес. Олар білім беру ақпаратының көптеген көздеріне (электронды кітапханалар, мәліметтер базасы) қол жеткізе алады, сонымен қатар бір-бірімен және оқытушымен байланыс желілері арқылы немесе басқа ақпараттық құралдарды қолдана алады.
Қашықтан оқытуға көшу бізге үлкен сынақ болды. Әртүрлі платформалар мен онлайн жүйеде байланыс жасауға болатын ыңғайлы сервистердің жұмыстарын зерделей бастадық. Соның ішінде «Daryn.Online», «Bilimland», »Zoom», «Google Classroom» сияқты қашықтан білім беру платформаларымен оқушыларға білім берудеміз. Менің ойымша сабақ беру барысында, әсіресе жоғары сыныптарда, онлайн форматында сабақ берген тиімдірек. Себебі жоғары сыныптардың оқу бағдарламасы бойынша көптеген пәндерден практикумдар орындалу көзделген. Ал оларды қашықтан орындату қиындықты туғызады. Қорыта айтқанда, білікті ғана емес, білімді ұстаз оқушының дәл жанында отырмаса да оқушыны еліктіре алатын, еліктіру сырларын білетін, баланың көзін көрмесе де, көкірек көзін жарқырай жаға алатын ұстаздар қауымына жол көрсететін әдіскерлер болса, осы жұмысты шыдамдылық танытып бірге еңсереміз деген ойдамын.
Гүлназ ТЕМИРОВА,
№178 лицейдің тарих пәні
мұғалімі, Алматы қаласы