Сандық білім беру pесурстары: Қашықтан оқытуды aқпараттандыру көзі

Cандық білім беру ресурстары (бұдан әрі – СБР) білім беру мазмұнын ақпараттандыратын электрондық оқыту жүйесі компонеттерінің бірі болып табылады. Білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін, оқу үдерісінде өскелең ұрпақтың СБР белсенді қолдану, бүгінгі таңда берілген бағдарлама аясындағы педагогикалық қоғамдастықтың алдында өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Cабақта анимациялық көрнекіліктер мен бейнероликтерді қолдана отырып проблемалық жағдаяттарды құру, салыстыру; зерделеп отырған құбылыстың басты белгілерін ажырата білу, белгілі бір дерек пен құбылысқа зейінін шоғырландыру; тірек сөздерді, терминдерді дәптерге жазғызу, мұғалімнің сұрақтарына жауап беру, мүмкіндіктерді артады. Жалпы орта білім беретін мектептің барлық пәндері бойынша СБР-да көптеген жағдайларда оқушыларға әрбір кездейсоқ таңдау бойынша ұсынылатын тапсырмалар базасының маңызы зор.

Сол себепті, жауапты есте қалдырудың тек механикалық жаттанды түрінен оқушының саналы есте сақтауына қарай жүру логикасы қалыптасады. Электрондық оқыту жүйесінде педагогтарге көмекші білм беру арнасының  бірі – «Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының YouTube-тағы «Өрлеу» білім беру арнасы. Арнаның негізгі мақсаты – мұғалімдердің біліктілігін арттыру жүйесі арқылы білім беру мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін орындау барысы туралы педагогикалық қауымдастықты ақпараттандыру.

Осы арнадағы жаттығулар кәсіби өсудің өзіндік траекториясын құруға, оқытушылық тәжірибені нығайтуға және оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыруға көмектеседі. Оқытудың жаңа форматы байланыс орнатуға, қажетті ақпаратты табуға, интернетте білім алуға, жаттығу кезінде уақыт пен ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді. Олар тез нәтижеге қол жеткізгісі келеді, бұл маңызды ыңғайлылық пен жайлылық. Аталған цифрлық ресурстар онлайн және оффлайн режимдерде қолжетімді болуда.

Яғни мұғалім – пәнді жүргізуші дайын бейнематериалды алып, оны сабақ барысында оқу материалын түсіндіру немесе бекіту үшін пайдаланады. «Өрлеу» БАҰО» АҚФ қызметкерлері мен мектептің пән мұғалімдері бірлескен түрде бірінші тоқсан бойынша жалпы орта білім беретін мектептін  пәндерінің барлық тақырыптарынан  онлайн сабақта көмекші болатын сандық білім беру ресурстары құрастырылған соң «Өрлеу» білім беру арнасына жүктелген. СБР жасаған педагогтердің еңбектері еленіп, қашықтан окыту мәселесі бойынша білім саласындағы жаңа бастамалары қолдауға ие болды. 

Жаңа форматтағы заманауи бейне сабақтар дайындап, оларды республика көлемінде таратуға зор үлес қосқаны үшін «Өрлеу» БАҰО» АҚ төрағасы Г.Ахметованың Құрмет грамотасымен марапатталды. Қазіргі таңда барлық пәндерден екінші тоқсанның қиын тақырыптарына СБР құрастырылуда. Сонымен, қазіргі сандық білім ресурсы (СБР) білім беру ұйымдарындағы оқу үдерісін жаңғыртудың тиімді де ұтымды құралы, болып табылады.

Гүлмира ЕСЕНТУРЕЕВА,
и
нновациялық білім беру және
ақпараттық технологиялар
кафедрасы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий