Қазақстандық студент халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды (бейне жазба)
Санкт-Петербург қаласында 10-22 жас аралығындағы оқушылар мен студенттер арасында “Адам құқықтары біздің көзімізбен” тақырыбындағы халықаралық бейнероликтер байқауының онлайн көрсетілімі ұйымдастырылды. Биыл бұл байқау алғаш рет халықаралық мәртебеге ие болды. Оған Ресей Федерациясынан, Беларусь пен Қазақстан және Қырғыз Республикаларынан бес мыңнан астам үміткер қатысты. Балалар мен жастар арасындағы байқау тақырыбының өзектілігі былтырмен салыстырғанда қатысушылар санының екі есеге артқандығын айғақтайды, – деп хабарлайды Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың баспасөз қызметі.
Қатысушылар әзірлеген жұмыстарын 1948 жылғы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының ережелеріне арнады. Қазіргі уақытта декларацияның ережелері БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің Конституцияларының негізін құрады. Қатысушылардың әрқайсысы өз жұмысы арқылы адам мен оның құқықтарын құрметтеудің маңыздылығын, оның құқықтарын неге құрметтеу керектігін және айналаңыздағыларға, достарыңа, жақындарыңа қатысты өз міндеттерін ұғыну қаншалықты маңызды екенін білдірді.
Бейнероликтердің көпшілігі жалпыға бірдей декларацияның 1, 3, 26-баптарының ережелеріне, атап айтқанда адамның білім алу құқығына (168 жұмыс), өмір сүру құқығына, бостандыққа және жеке басына қол сұғылмаушылыққа (162 жұмыс), әркімнің өз абыройы мен құқықтарындағы еркіндігі мен теңдігіне, бауырластық рухындағы бір-біріне деген көзқарасына (127 жұмыс) арналды.
Байқаудың ұйымдастырушылары мен қазылар алқасының мүшелері тікелей эфирде адам құқықтары туралы түскен 1475 бейнероликтің 35 үздігін жариялады. Халықаралық байқаудың бас жүлдесін (Grand Prix) Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің 1 курс студенті Азамат Ибрагим иеленді. Оның бейнеролигінің тақырыбы:”Ар-ождан бостандығы және діни сенім”. Оның жұмысының негізінде Юрий Левитанскийдің “Әркім өзі үшін таңдайды”өлеңі жатыр. Азамат Ибрагимнің бейне жұмысы байқауға түскен 1475 жұмыстың ішінде үздік деп танылды.
Байқауды ұйымдастырушылар: П.Г.Ольденбургский ханзада атындағы Санкт-Петербург құқық институты, Санкт-Петербург мемлекеттік кино және теледидар институты, Өңіраралық қоғамдық ұйым “гуманитарлық-саясаттану орталығы СТРАТЕГИЯ”. Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілі, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Қазақстандағы ТДМ – 2030 қоғамдық институты, Еуразия технологиялық университеті, Eurasian Center for Economic and Legal Research, #UNODC, Street Law Kazakhstan Шайкенов оқушыларының қауымдастығы конкурстың серіктестері болды. Байқауды өткізуді Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының Санкт-Петербургтегі консулдықтары қолдады.
Толық эфирге және жеңімпаздардың басқа жұмыстарына сілтеме: https://youtu.be/xgsxxFlcLaw. Байқаудың ресми парақшасы: https://vk.com/molodezhzaprava. Байқаудың ресми сайты: https://konkurs30prav.ru. Барлық сұрақтар бойынша байқаудың мына электрондық поштасына хабарласуға болады: 30pravcheloveka@gmail.com. Азаматтың жұмысын төмендегі бейне жазбадан көруге болады: https://www.facebook.com/ kazhigulova/videos/10159143538317022/?