Рухани жаңғыру: Ұлт рухының жаңғыруы

Рухани жаңғыру – ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртып, жаңашылдыққа жетелейтін күш. Тұңғыш Президент – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың үш жыл бұрын жарияланған бағдарламалық мақаласынан кейін, біздің білім ордасында да болашақ ұрпаққа өнеге боларлық тағылымды іс-шараның жүзеге асырыла бастағаны қуантады.

Осы мақсаттағы жұмыстардың алғашқы қадамын ұйымшыл ұстаздар ұжымы 2016 жылғы қыркүйек айында бастаған болатын. Кейкі батырдың бассүйегі елімізге оралып, кесенесі бой көтергенінен кейін мектеп қабырғасында қаһарман бабамындың рухын биіктетуге арналған арнайы мұражай ашылған еді. Бір жылдан соң аудан көлемінде өнерлі оқушылардың шығармашылық байқауы ұйымдастырылса, 2019 жылғы қазан айында ауылымыздың жергілікті жанашыр жауапкершілігі шектеулі «Табыс» серіктестігінің директоры Б.Әділұлының демеушілігімен 20 бүлдіршінге арналған «Балбөбек» балабақшасы пайдалануға берілді.

Мінекей есті ұрпақ еліне қызмет етеді деген осы болар.  Бұл аталған іс-шаралар – ауылымыздан түлеп ұшқан түлектердің бірлігінің дәлелі. Тәуелсіздік мерекесіне орай биыл жаңадан IT кабинеті ашылды. Оқушылардың заман талабына сай білім алуына сүбелі үлестерін қосқан, мектебімізде бірнеше жыл ұстаздық қызмет жасау арқылы ұрпақ тәрбиелеу жолында ерекше із қалыптастырған ұлағатты ұстаз – марқұм Разия Кәрімқызының ұрпақтары. Парасатты педагог бұл дүниеден озса да, мемлекеттік мереке қарсаңында аяулы аналарының елге танылған есімін қайта жаңғыртты.

Адам ұрпағымен мың жасайды демекші, бүгінгі мақтауға тұрарлық тағылымға толы шаралар басқа да көптеген түлектер мен перзенттерге үлгі болары анық. Сондықтан туған ауылдың түлеуіне жанашырлық жасаған қалталы азаматтарға айтар алғысымыз шексіз.

Луиза Өтеғалиқызы АБДИРОВА,
Тасты орта мектебі директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,
Қостанай облысының Амангелді ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий