Ұлағатты ардагер ұстаз ұлықталды

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында біздің білім ордасындағы аға буын ардагерлердің бірі, құрметті еңбек демалысындағы ұлағатты ұстаз Зәру Атеноваға «Махамбет ауданының құрметті азаматы» атағын табыс ету рәсімі ұйымдастырылды.

Шараны селолық округ әкімі М.Адилгалиев қысқаша сөз сөйлеп ашып, аудандық мәслихаттың хатшысы М. Мырзашев 2020 жылғы желтоқсан айының 9-ы күні өткізілген кезекті сессияның № 473 шешімімен таныстырды және ардақты апайға арнайы куәлік пен төс белгісін табыс етті.

Сондай-ақ, осы игілікті іске бастамашыл болған «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» ҚБ төрағасы Қ.Сүндетұлы құттықтау сөз сөйлеп, той иесіне ақшалай қаражат ұсынды. Ардагерді мектеп директоры Ф.Тюрина, ауыл ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Салтанов, апайдың шәкірті, ардагер Ж.Төгелбаев құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.

Эльза САЛИХОВА,
Есбол орта мектебі бастауыш
кәсіподақ ұйымының төрайымы,
Атырау облысының Махамбет ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий