Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Ферғана облысының әкімшілігімен меморандумға қол қойды

Маңызды құжатқа Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Ақбота Жолдасбекова мен Ферғана облысының әкімі Хайролла Бозаров қол қойды, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі. 

Меморандум аясында Ферғана облысы аумағында Еуразия ұлттық университетінің филиалы құрылады. Сондай-ақ тараптар, жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық бағыттағы мамандықтар бойынша білім алып жатқан студенттерді бірлесіп оқыту бағыттарын анықтады. Жалпы, Өзбекстан Республикасымен ынтымақтастық Еуразия ұлттық университеті үшін ғана емес, егеменді ел үшін басым бағыттардың бірі.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті бүгінде интернационалдандыруды дамыту аясында Өзбекстанның тоғыз жоғары оқу орнымен белсенді ынтымақтастық орнатқан. Бұл ынтымақтастық білім алушылардың академиялық ұтқырлығы бағдарламаларының бағыттары және шетелдік профессорларды тарту, сондай-ақ мәдени-білім беру қызметі шеңберінде жүзеге асырылады. Мәселен, 2019 жылдың сәуір айында ЕҰУ стратегиялық серіктестерінің бірі – Ферғана мемлекеттік университетімен өзара ықпалдастық туралы меморандум жасалды.

Сондай-ақ ФерГУ базасында әріптестік бағыттарын кеңейту және жоғары оқу орындары арасындағы өзара қарым-қатынастарды одан әрі дамыту мақсатында алғашқы қазақ-өзбек мәдени-білім беру орталығы ашылды. Тағы бір атап өтерлік жайт, Еуразия ұлттық университеті пандемия кезінде де арадағы байланысты тоқтатпай, Өзбекстанның жоғары оқу орындарымен, атап айтқанда Ферғана мемлекеттік университетімен, Бұхара мемлекеттік университетімен және Мирзо Ұлықбек атындағы Ташкент университетімен өзара іс-қимылды белсенді түрде жалғастырып келеді. Оған ЖОО бірлескен онлайн-семинарлар, конференциялар және басқа да іс-шаралардың өткізілуі дәлел. 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий