Елордалық балабақша ұжымына пайдалы онлайн кездесу ұйымдастырылды

Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдары педагогтерінің құқықтарын қорғау және педагогтік әдеп мәселелері жөніндегі Кеңестің ұйымдастыруымен, жоспарға сәйкес #46 “Самал” санаториялық балабақшасының педагогтері мен тәрбиешілерінің қатысуымен #online режимінде ZOOM арқылы кездесу өтті., – деп жазады осы елордалық мектепке дейінгі білім беру ұйымының жетекшісі Балауса Қайырғалиева фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында

Кездесуге Кеңес төрағасы Куптлеуова Б.А., кеңес мүшелері: Батыр Алиев., Бимендина А Т, Тодераш О.Е., Умербаева Р.Ф., Эйвазова Ф.С және балабақшадан 15 маман қатысты. Бағым Аубакировнаның басшылығымен өткен кездесу барысында, педагогтік әдеп мәселесіне қатысты маңызды мәселелер талқыланды. Барлық талаптарға сәйкес әзірленген мазмұнды слайдтар арқылы қажет ақпараттармен таныстық. Педагогтердің құқықтары және міндеттері жайлы Батыр Алиевич өз ойымен бөлісіп, педагогтарды мазалаған мәселе болса талқылауға дайын екенін мәлімдеді. Осы кездесуден алған педагогтердің әсері ойдағыдай болды деп ойлаймын.

Әр педагог өзін мазалаған сұраққа жауап алып қана қоймай, Кеңестің тарапынан қолдау және құқықтық қорғау барын сезінді. Бағымкүл Аубакировна педагогтерді алда келе жатқан мерекелерімен қүттықтап, әрқашан ашық байланыста екенін атап өтті. Кері байланыс барысында, айтылған ұсыныстар ескерілетіні және тығыз байланыста жұмыс жасауға дайын екенімізді білдірдік.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий