Ақмола облысы: Үздік өндірістік оқыту шебері таңдалды

Еңбекке жаңа сипат беретін ғылыми-техникалық прогресс жағдайында қазіргі заманғы жұмысшының оған дайын болуы, кәсіптік-техникалық білімі мен кәсібі бойынша терең білімі және өндірістік қызметтегі іскерлігі қажет. Осы орайда аймақтағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлері арасында «Үздік өндірістік оқыту шебері-2020» сырттай байқау ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Сайысқа салалық қызметте жоғары жетістіктері бар колледждердің жиырма бір педагогы қатысып, үміткерлердің жұмысын білім беру саласындағы жоғары кәсіби және құзыретті мамандар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері бағалады. Бірінші іріктеу кезеңінде комиссия мүшелері бейнероликтерді, портфолионы қарап, ақтық бәсекеге он шебер жолдама алды. Қортынды сынақта әділ қазылар тобы бейне сабақтарды қарап, on-line режимінде «WorldSkills International стандарттарына сәйкес модульдік-құзыретті технология бойынша бағалау парағын әзірлеу» білімі мен дағдыларын бағалады.

Оқытудың үздік өндірістік шебері мәртебесі мен бірінші дәрежелі дипломға қоса 200 000 теңгені құрайтын сертификатты облыс орталығындағы құрылыс-технологиялық колледжінің өкілі Асан Айткожин иеленсе, екінші дәрежелі диплом мен 100 000 теңге сомасындағы сертификат Көкшетау қаласындағы жоғары техникалық колледжінің маманы Болат Батаевқа табысталды. Үшінші дәрежелі диплом мен 80 000 теңгенің сертификаты Красный Яр ауылындағы агротехникалық колледжінің тәлімгері Владимир Ларинге бұйырды.

Үш қатысушы арнайы аталымдарға қоса ақшалай сыйлықтармен марапатталды. «Мамандыққа деген адалдық» номинациясы және 50 мың теңге ақшалай сыйақы- Инесса Голубеваға, Степногорск қаласындағы индустриалды-техникалық колледжі; «Педагогикалық шеберлік» номинациясы және 50 мың теңге ақшалай сыйақы – Толкын Исахановаға, Щучинск қаласының жоғары техникалық колледжі; «Мамандықтағы шығармашылық» номинациясы және 50 мың теңге ақшалай сыйақы-Жанат Турлубековке, Щучинск қаласындағы орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжі. Байқаудың барлық қатысушылары мен жеңімпаздарын құттықтап, шығармашылық табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий