“Абай әлеміне саяхат”: Республикалық байқаудың қорытындысы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының бастамасымен биылғы қараша айында елордасында ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай әлеміне саяхат» атты республикалық байқауы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Байқаудың мақсаты: Абай Құнанбайұлының шығармаларын педагогтер мен білім алушылардың арасында кеңінен насихаттау. Жастардың ұлттық рухын нығайту, патриоттық сезімін арттыру болып табылады. Қорытынды бойынша Манапов Қымбат Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы «Үздік ғылыми мақала» аталымы бойынша жүлделі бірінші орынға ие болды. Қымбатты жеңісімен құттықтаймыз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий