“Самғаның” сырбойылық бишілері Польша мен АҚШ-та топ жарды

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Самға» би тобы Лондонда өткен халықаралық шығармашылық фестивалінде жүлделі бірінші орынды иеленді. Қашықтан ұйымдастырылған шарада көптеген мемлекеттің шығармашалық топтарымен бақ сынасқан жас зияткерлер қазақ биін орындап, үздік ретінде танылды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ұлттық өнерімізді әлемге танытуда 11-сынып оқушысы Баян Сарибаева жеке орындауда ерекшеленді. Польшаның «DIGI-TALENTY. JESIEN-2020» халықаралық фестивалінде «Қыз қиялы» атты би қойылымымен бірінші дәрежелі диплом иегері атанды. Айта кетейік, «Самға» би тобы Зияткерлік мектеп жанынан құрылған. Бүгінде ұжымның елуден астам белсенді мүшелері әртүрлі жанрдағы хореографияны меңгеріп, мәдени мұраны насихаттауда үлкен септігін тигізуде.

Ұжымның жетекшілері кәсіби хореографтар Жұлдызай Мауленова мен Ақмарал Алибекованың оқушылардың жан-жақты және шығармашылық потенциалын дамытуда үлестері зор. Балалардың талантын ашуда және ұлттық өнерді жаңғыртудағы еңбектері үшін педагогтары да ұйымдастырушылардың Алғыс хаттарымен марапатталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий