Мектептерде ақылы олимпиадалар өткізуге қатаң тыйым салынады

Жеке ұйымдар оқушылар мен мұғалімдерге арналған күмәнді ақылы онлайн конкурстар мен олимпиадаларды ұйымдастырып жүр. Сондықтан салалық ведомства педагогтерді, ата-аналарды ұйымдастырушылардың алаяқтық әрекеттерінен сақ болуға шақырады. Олардың көздеген мақсаты – заңсыз ақша жинау, – деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Білім және ғылым министрлігі ата-аналарға білім беру ұйымынан тыс ақылы негізде өткізілетін конкурстар мен олимпиадаларды таңдауда мұқияттылық танытуға шақырады. Мектептерде ақылы олимпиадалар өткізуге қатаң тыйым салынғанын да ескерген жөн.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий