“Болашақ” корпоративтік қоры: Жамбылдағы инклюзияны қолдау кабинеттерімен танысты

«Болашақ» корпоративтік қорының Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Шайжүнісова Тараз қаласындағы №32 орта мектепте ашылған инклюзияны қолдау кабинетінде болып, аталған бағыттағы жұмыстармен танысты, – деп хабарлайды Жамбыл облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Аталған кабинетте аутизм және басқа да менталдық бұзушылықтары бар 7 мен 14 жас аралығындағы он балаға қолдау көрсетіледі. Онда бір мұғалім және 9 педагог-ассистент мамандар жұмыс жасайды. Бұл бастама – аутизм және басқа да ментальді ауытқушылықтарға шалдыққан балалардың үйден емес, білім ошақтарында қатарластарымен бірге оқуына және ортаға бейімделуіне жағдай жасау мақсатында жүзеге асырылып келеді. Жалпы облыста төрт мектепте инклюзияны қолдау кабинеті ашылған. Онда елу балаға қолдау көрсетіледі.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий