Экологиялық кеш: Аяласаң, табиғатты аяла!

“Балдәурен” республикалық оқу-сауықтыру орталығының Балқаш қаласындағы филиалының он төртінші адағы жас экологтардың “Тірі – Жер!” тақырыбындағы республикалық акциясы барысында балаларды отаншылдыққа, табиғатты аялауға, қорғауға баулу, туған жерге сүйіспеншілігін арттыру мақсатындағы “Аяласаң, табиғатты аяла!” атты  еліміздің экологиялық жағдайларына байланысты аймақтар туралы экологиялық кеш ұйымдастырды.

Экологиялық кеште Семей полигоны мен Арал теңізінің қасіреті, Балқаш көлінің экологиялық жағдайлары туралы мағлұматтар беріліп, жүргізушілердің сөздері видеороликтермен ұштастырылып отырылды, сонымен қатар демалушы оқушылар өз өнерлерін ортаға салды. Олардың әсерлі әсем әндері мен мың бұралған билері, сахналық қойылымдары және өздерінің авторлық шығармалары көрермендердің көңілінен шықты. Әсіресе, «Экология» биі ерекше әсер қалдырды, мұнда оқушылар зауыттар мен фабрикалардың түтінен тұншыққан адамдардың халін бимен көрсете білді. «Экология», «Табиғатты қорғайық» атты оқушылардың өздері шығарған авторлық шығармалары да естігендердің көңілін бей-жай қалдырмады.

«Аяла табиғатты!» атты қойылым қоршаған ортамызды сақтауға шақырса, «Алтын бесік» әні туған жерге деген сүйіспеншілік оятты. Кеш: «Табиғатқа деген сүйіспеншілік – ұлтжандылық, туған халқына құрмет. Табиғатты қорғау өз қолымызда: бұлбұл ән сала ма, мөлдір бұлақтар сылдырлай ма, күміс көлімізде балық шорши ма, өзеніміз, тауымыз аман ба – мұның бәрі өзімізге байланысты. Егер әр адам өз Отанын қорғайтын болса, онда біз ЖЕР деген планетамызды сақтаймыз!” – деген ұранды сөздермен және өлеңмен өз мәресіне жетті.

Раушан КҮЗЕМХАНОВА,
“Балдәурен” республикалық оқу сауықтыру

орталығының физика пәні мұғалімі, Қарағанды
облысының Балқаш қаласындағы филиалы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий