Рухани жаңғыру: Үздік кабинеттер анықталды
Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласы жарияланғалы бері биылғы жылдың сәуірінде үш жыл толды. Осыған орай, мемлекеттік мәртебесі бар бағдарламаны іске асыруға бағытталған жергілікті бөлім өңірімізде ашылған жүзден астам тақырыптық кабинеттердің арасында облыстық деңгейдегі үздік кабинеттердің байқауы наурыз айының алғашқы аптасында бастау алған болатын, – деп хабарлайды Павлодар облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.
Байқаудың алғашқы кезеңі 30 сәуірге дейін жалғасты. Бірінші кезең нәтижесіне сәйкес байқауда қалалар мен аудандардың 69 кабинеттері өз бақтарын сынап, лүпіл саны және әділ қазылар мүшелерінің ұпайлары бойынша екінші кезеңіне келесі 10 кабинет таңдалды. «Қағандық» қоғамдық бірлесітігінің төрағасы Еркеғали Жанғазы төрағалығымен жұмыс жасаған әділ қазылар алқасы жылдың соңы жақындағанда қорытынды кезеңге өткен он кабинетті аралап, лайықты бағаларын берді. Сараптамалық топтың шешімі бойынша үздік жеңімпаздар анықталды. Бас жүлде − Ақсу қаласындағы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округінің Жамбыл орта мектебінің ұжымына бұйырды.
Загрузка...Жүлделі бірінші орынды − Екібастұз қаласындағы №23 «Балауса» мектепке дейінгі гимназия иеленсе, екінші қатардан Павлодар қаласындағы (мамандандырылған мектеп), «Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі» көрінді. Үшінші орынмен облыс орталығындағы №37 жалпы орта білім беру мектебі марапатталды. Жақсы дайындықтарымен көзге түскен бірнеше білім беру ұйымдарының кабинеттеріне Алғыс хаттар табысталды. Олар – Екібастұз қаласындағы №1 «Ромашка» бөбектер бақшасы даму орталығы; №6 «Золотая рыбка» көптілділікті дамыту орталығы бөбектер бақшасы»; №25 қазақ қыздар гимназиясы; дене шынықтыру-сауықтыру үлгісіндегі №18 «Гномик» бөбектер бақшасы»; Ертіс ауданындағы №2 жалпы орта білім беру мектебі, Железин ауданындағы №2 жалпы білім беру орта мектебі және Екібастұз қаласының №15 «Бөбек» бөбектер бақшасы.