Пенсильвания университеті дарынды түлекті оқуға шақырады

Елордалық физика математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Шырын Оспанова  әлемдегі ең үздік университеттердің бірінен – University   of Pennsylvania шақыру алды. Дарынды түлекке толық оқу грантын ұсынған  Пенсильвания Университеті – АҚШ- тың атақты шырмауық Лигасына кіретін, жоғары рейтингілі оқу орны, –  деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

– Қызығушылығымды анықтауда өзіме ешқашан шектеу қойған емеспін. Әркез өзімді жаңа жағдайда сынап көруге тырысамын, өзімді өзге де қырларымнан тануға мүмкіндік іздеймін  – дейді Шырын өзі туралы баяндап. – Физика және химия олимпиадаларында, мобильді қосымшалар мен сайтты программалауда  өз мүмкіндіктерімді анықтап  көрдім. Йель университетінің  профессоры Рейчел Перриден  робототехника және зерттеулер жүргізу бойынша Жазғы мектепте дәріс алдым. Академиялық ізденістеріммен қатар өзім  студент-амбассадор болған,  IT дамытуға бағытталған Technovation Challenge әлеуметтік бағдарламасына да уақыт табуға тырысамын. «Час Кода» бастамасы аясында жеткіншектерді бағдарламалар құрастыруға үйретіп,  Method Pro 2018 IT-тағылымдамасынан өттім.

Жалпы робототехниканы медицина саласына қолдану жолдары мені қатты қызықтырады. Өзімнің алғашқы жобаларымда  дербес ферма, көлік саласында қарапайым идеяларды жүзеге асыруға ұмтылдым. Нәтижесінде Бүкіләлемдік роботтар олимпиадасының ұлттық кезеңінде (World Robot Olympiad, WRO) екі рет күміс жүлдегер атанып, олимпиаданың әлемдік кезеңіне Венгрияға барып қайттым, – дейді Зияткерлік мектептің 2021 жылғы түлегі. Шырын келешекте  жасанды интеллект жасау технологиялары  денсаулық сақтау саласының маңызды элементтерінің бірі ретінде санайды.

Сондықтан ол терең білім берумен қатар биология және робототехника комбинациясын инжинирингпен үйлестіре үйрететін университет іздестірді. Сондай-ақ Шырын үшін оқу орнының студенттердің зерттеу жұмысы мен қоғамдық шараларға етене араласуына жағдай жасайтын  мүмкіндіктері де маңызды болды. Пенсильвания Университеті қазақстандық талапты түлектің барлық сұраныстарына сәйкес келді. Әлемге әйгілі  білім ошағында оқып үйренген  ақылды алгоритмдер мен девайстер көмегімен Шырын еліміздің денсаулық сақтау саласын жаңа деңгейге көтеретініне кәміл сенеді. 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий