Абай – дана, Абай – дара, қазақта!

– Абайдың мол мұрасы қазақ ұлтының жаңа сапасын қалыптастыруға қызмет етеді. Оның шығармаларындағы ой – тұжырымдар әрбір жастың бойында халқына, елі мен жеріне деген патриоттық сезімді орнықтырады. Сондықтан хәкім Абай еңбектерінің нәрін өскелең ұрпақтың санасына сіңіру және өмірлік азығына айналдыру – ұлтты жаңғыртуға жол ашатын маңызды қадамның бірі, – дейді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаев. 

Біздің білім шаңырағында ойшыл ғұламаның туғанына 175 жыл толуына орай арнайы кабинет ашылып, ашық алаң клубы жұмысын бастады. Абай үні, ақын тынысы – заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры әлемдік деңгейде мәңгі жасап келеді, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалады. Жергілікті мектеп басшылары мен Абай тану пәні мұғалімдері қашықтан қатысқан салтанатты рәсімде Көкшетау қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Уақыт Бегайдарұлы Бейсембаев пен қалалық білім бөлімінің басшысы Дина Оразғалиқызы Башарова құттықтау лебіздерін білдірді.

Ұлы ақынның туған жері, рухани өлке Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университеттің гуманитарлық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі, профессор, филология ғылымдарының кандидаты 5-11 сыныптардың «Қазақ әдебиеті» оқулығының авторы Ақтанова Айман Советқызы «Абай шығармаларының оқытылуы» тақырыбындағы ойларын ортаға салды. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің филология ғылымдарының кандидаты, доцент «Абайтану» жұмыс дәптерінің авторы Кажибаева Гүлден Кеңесқызы «Абай танымындағы ұрпақ тәрбиесі» жайындағы баяндамасын ұсынды.

Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: – Абай – қазақ халқының рухани қазынасына өлшеусіз үлес қосқан ғұлама ғана емес, сонымен қатар ол қазақ халқының ел болуы жолында ұлан – ғайыр еңбек еткен данагер, – дегендей тарихи ұлы тұлғаның рухани құндылықтарға толы мол мұрасын оқыту арқылы әр жастың бойында халқына, елі мен жеріне ұлтжандылық қасиетін арттыра түсетіндігіміз даусыз. Осы орайда сөз өнерін бағалайтын білім алушыларды тәрбиелеуші «Абай» клубының жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айтенова Кенжегүл Сакенқызы жаңадан жұмысын бастаған клубтың алда атқаратын нақты жоспарын таныстырды.

Абай – мыңжылдықтарды құшағына сыйғызған, заманалар сырын толғаған, адам болмысының құпиясы мен тұңғиық тереңін нәзіктікпен сөйлеткен, рухани жетілудің жолдарын көсемдікпен көрсеткен ұлы даланың өрен тұлғасы. Абай кабинеті, Абай клубы жұмысы арқылы қала мектептерінің сөз өнерін бағалайтын жас ақын, мүшәйрашы, абайтанушы жастарын ақын шығармаларымен сусындап, ұрпақтарды сабақтасқан тағылымға толы шараларын жан-жақты насихаттау жұмысы үздіксіз жүргізіледі.                    

Гулзат Оразбаевна БАКТЫБАЕВА,
№ 3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп
гимназиясының директоры, қазақ тілі
мен әдебиеті пәні мұғалімі, Ақмола облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий