Адал еңбек – алға жетелер

Білім беру ел болашағы үшін жауапты қадам. Қазіргі жағдайдағы оқу үрдісінде жаңа парадигма бойынша өскелең ұрпаққа білім беруді сапалы ұйымдастыру үздіксіз ізденісті қажет етеді. Әсіресе кәсіби білім беру үшін әрбір оқытушы ұстаз бен өндіріс шебері өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы біліктілігін шығармашылық тұрғыдан арттыруы тиіс. Қашықтан оқыту дамыған елдердің көбінде жұқпалы дерт дендеместен бұрын қолданысқа енгендіктен біз үшін үйренетін тұстары көп.

Және ұлттық ұстанымдарға сәйкес әдістері мен амалдарын толықтырып, жетілдіруді міндеттейді. Осы жаңа жүйе арқылы педагогтер қауымы пән сабақтарын әлемдік ақпараттармен тығыз кіріктіруге барынша мол мүмкіндік алуда. Алпыс бес жылдық тағылымды тарихы бар біздің арнаулы оқу орнында қашықтан білім беру ісі жедел қолға алынып, әдістемелік бағытта тың өзгерістер енгізілді. Алғашқы сәттердегі электронды қарым-қатынастың қиындықтары мен кедергілерін ұйымшылдықпен жеңе білген ұстаздар ұжымы  белсенді шараларды бірлесе атқаруда. Платонус бағдарламасымен жүйелі жұмыс жүргізудеміз. Бес мамандық бойынша 334 студент білім алып, 38 оқытушы сабақ беруде.

Биылғы білімгерлер саны бір жүз жиырма бес. «PLATONUS-COLLEGE» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі оқу процесін басқаруды тиімді ақпараттық қолдауды қамтамасыз етуге арналған. «Платонус-колледж жүйесі арқылы оқытушылар  мен студенттерінің қызметін ақпараттық-техникалық қамтамасыз етуді жақсарту негізінде білім сапасын арттыруға тиімді. «Platonus» – қашықтан оқыту технологиясы процесін кешенді автоматтандыруды қамтамасыз ететін автоматтандырылған ақпараттық жүйе. Нақты ақпараттарға қоса процестер орталықтандырылған деректер базасында тұрады. Әр студент өзінің жеке виртуальді кабинетін пайдалану мүмкіндігі бар.

Нәтижесінде қажетті ақпаратты ашып қарауды, қызметкерге өзінің негізгі міндетін автоматтандыруға, қашықтан оқитындар үшін кейстер мен білімді бақылауға, интернет желісінде нақты уақытында тікелей оқытушымен қарым-қатынас жасаға немесе ТжКББ-ның ішкі желісімен тұрақты байланыс орнатуға (web-парақ) қол жеткізді. Елді мекендерден қашықтан оқитындар үшін толық жағдайлар бар. Колледж әкімшілігі студенттер мен олардың ата-аналарымен бұрыннан бар бірегей байланысты бекемдеп, оқу мен тәрбие үдерісі тізгінін тең ұстануға мүдделі. Осы жұмыстардың мониторинг қорытындысы шығарылып, талдаулар жүргізіледі.

«ҚазақТелеКом» АҚ жергілікті филиалы және ауылдық әкімшілікпен тығыз байланыс бар. Әр апта сайын белгіленген кестеге сәйкес топ жетекшіліерімен, ата-аналар комитетімен ортақ мақсаттағы маңызы мәселелерді талқылап, нақты шешімі қарастырылады. Облыстық білім басқармасының қолдауымен оқытушыларымыз түрлі деңгейдегі вебинарларға қатысып, тәжірибе алмасуда. «Заманауи сабақ-педагогтің кәсіби өсуінің көрсеткіші» тақырыбындағы облыстық байқауда колледждің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы И. Михайлиди Алғыс хатпен марпатталса, өндірістік оқыту шебері А.Чайкозов жеңімпаз ретінде екінші дәрежелі Дипломды иеленді. Демек адал еңбектің алға жетелейтіні анық.

Колледж директорының оқу ісінің меңгерушісі Н.Бокаеваға «Абай әлемі» облыстық интернет конференциясындағы үздік баяндамасы үшін арнайы Диплом табысталса, ТКББ сексен жылдық мерейлі мерекесінде аға буын ардагер М.Каткенова ақшалай сыйлыққа қол жеткізді. Қырық жыл шеберлік шыңдарында  жемісті еңбегі еленген өндірістік оқыту шебері С.Хасетов  «Ыбырай  Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды.

«Білімді ел-Образованная страна» газетінің барша ұстаздарға қолжетімді ақпараттық құралы ретінде маңызы зор. Республикаға танымал апталық білім берудің жаңартылған мазмұнындағы заманауи жаңалықтардың жаршысы. Алдағы уақытта жарияланатын жаңа әдістермен тың тәжірибелердің тасқыны арта берсін! Колледж ұжымы газеттің тұрақты оқырманы болғандықтан әр жаңа нұсқасын асыға күтеді. Уақыт талабына сай шығатын салалық төл басылымның әлеуметтік тынысы кең. Сіздерге алдағы жаңа 2021 жылда биік шығармашылық жетістіктер мен толағай табыстар тілеймін!

Қуат Құрманғалиұлы ДУЙСЕБАЕВ,
Шелек политехникалық колледжінің
директоры, Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий