Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ  QS EECA рейтингінде елеулі серпіліс жасады!

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Quacquarelli Symonds (QS) Emerging Europe and Central Asia (EECA) University Rankings 2021 Халықаралық үздік университеттер рейтингінде әлемдегі 400 университет арасында 175 орынға ие болды. QS әлемдегі ең беделді рейтингтердің бірі болып табылады. Биылғы QS EECA рейтингінде Шығыс Европа (Польша, Венгрия, Чехия, Румыния т.б.), ТМД, Балкан және Балтық елдері мен Ресей, Украина және Түркиядан 400 университет қатысты, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ 2018 жылы қабылданған университеттің даму Стратегиясы аясында жоғары білікті маман даярлау мен ғылыми-зерттеулердің сапасын айтарлықтай жақсарта отырып, түркиялық және шетелдік университеттермен әріптестікті нығайтқан. Сонымен қатар, университеттің материалдық – техникалық базасы мен оқу лабораториялары жетілдірілген. Бұл ХҚТУ-дың халықаралық беделді рейтингтегі позициясын елеулі дәрежеде жоғарлатуға негіз болды. Университет өткен жылмен (211-орын) салыстырғанда 36 позицияға көтеріліп, отандық университеттер арасында ең үлкен динамикалық өсу көрсеткішіне қол жеткізді.

Рейтингте университеттердің ғылыми жетістіктері, жоғары рейтингтік ғылыми журналдардағы жарияланымдар саны, білім беру сапасы мен академиялық репутация, жұмыс берушілердің пікірі, шетелдік студенттер мен оқытушылар үлесі және т.б. көрсеткіштер есепке алынады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий