NIS Қорқыт Ата атындағы университетке қандай қолдау көрсетпек?

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі өңірдегі Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетімен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Алдағы уақытта NIS ұжымы университеттің оқыту бағдарламаларын әзірлеуге көмек көрсетіп, заманауи педагогтарды даярлау үшін ықпалдасатын болады, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

– Университеттің білім беру бағдарламасы жұмыс берушінің талаптары мен ұсыныстары ескеріліп құрастырылатын болады. Алдағы уақытта пән оқыту әдістемесі бойынша мектептің практик мамандарын университетке шақырту арқылы, педагогтарды даярлауда бірлескен шараларды өткізуді жоспарлап отырмыз, – дейді университет ректоры Бейбіткүл Кәрімова.

Айта кетейік, Назарбаев Зияткерлік мектебі бұған дейін де Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды. Мектеп жанынан «Химия, биология, география» және «Физика мен математика» кафедраларының филиалдары ашылып, университет профессорлары балалардың ғылыми-зерттеушілік қабілеттерін арттыруда өз үлестерін қосып келеді. Келісімге сәйкес университет студенттерінің мектепте кәсіптік практикадан өту және жас мамандардың жұмысқа орналасу жобалары өз жалғасын табатын болады.

– Жиырма жеті елді қамтитын халықаралық зерттеулердің нәтижесіне сүйенсек, оқушының оқу жетістіктеріне тікелей әсер ететін фактор ол – мұғалім мен оқыту сапасы. Зияткерлік мектептерін өндіріс орны деп айтуға болады. Көптеген заманауи бағдарламалар, бағалау жүйесі, оқытудың озық тәжірибесі бүгінде барлық мектептерге таратылып жатыр. Университет ұстаханасында дайындалатын педагогтарға кәсіби білім беру барысында озық тәжірибемізбен бөлісуге және бағыт пен бағдар беруге дайынбыз. Алдағы уақытта бірлескен жұмыстарымыздың жемісін көреміз деген ойдамын, – деді мектеп директоры Бахыт Жұматай.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий