Жақсы адам ғана жақсы ұстаз бола алады…..

Ел мен жердің, халықтың байлығына қоса атақ даңқы да жалпақ жұрт қадірлейтін парасатты перзенттерімен өлшенетіні ақиқат. Осы тұрғыдан алғанда қырық жылдық саналы ғұмырын оқу-ағарту саласына арнау арқылы абыройға бөленген мектебіміздің ардагер ұстазы – Рахметуллина Раушан Рахметулловнаның өнегелі көпке ұлгі. Әріптестері мен замандастары тәжірибелі тәлімгердің іскерлігі мен білімдарлығы еске алса, біз адами асыл қасиеттерін шәкіртттері ретінде айрықша мақтан тұтамыз.

Мектептегі басқару ісінде де, қатардағы мұғалім болып та жергілікті педагогтердің арасында әріптес, апалық, аналық қамқорлығы мол, шебер ұйымдастырушы және жан-жақты жетілген білгір әдіскер маман ретінде ұжымы мен ата-ана, шәкірттері мен замандастарының ортасында үлкен беделге, сый мен құрметке ие болған ұстаз. Раушан апай мектептің сыныптан тыс жұмысына да  белсене қатысатын. Ол нағыз жалынды насихатшы болды. Той-жиындарда. алқалы орта да салиқалы пікір айтып, қаламыздың қоғамдық мәдени әрі көпшілік жұмыстарына әлі де белсене араласуда….

Раушан Рахметуловнаның біз үшін орны бір төбе. Ол талай сайыстар мен сабақтарда, пән жұмысының бірлестік отырыстарында ақылшы, кеңесші, тәлімгеріміз бола білді. Әрі табылмас қазына «энцоклопедия»  деп те айтуға болады. Шешілмей тұрған сауалдың жауабын бәріміз апайдан сұрап, ақыл кеңес алатынбыз. Раушан апайдың шәкірттері республикалық, облыстық, қалалық олимпиада мен сайыстардың жеңімпаз иегерлері. Абайдың мерейтойына орай байланысты ұйымдастырылған конфереция, қазақ тілін тереңдетіп оқытуда кешенді бағдарламасы мен арнайы курсы, «Өлкентану», «Тіл білгірі», «Әй,жарайсың», «Театр» сайысында жүлделі орындар алған шәкірттерді дайындаған майталман, шығармашыл, парасатты педагог.

«Қала алдындағы ерең еңбегі үшін» медалі, «Нұр-Отан партиясы»,Павлодар өлкесінің білім дамытуға қосқан үлесі үшін бірнеше мәрте облыс әкімінің, «Өрлеу» біліктілігін арттыру институты, қалалық білім басқармасының Құрмет грамотасымен  марапатталған. Халық батыры, майдангер жазушы Бауыржан Момышұлының «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақты ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де ұстаз өсіреді” – деген сөздері осындай өмірден өзінің мәртебелі орнын тауып, ел қажетіне жараған, бала жанының бағбаны бола білген Раушан апай сияқты тағылымы мол тәлімгерлерге арнағаны анық. 

Айгул Жуматовна  АХМЕТНИЯЗОВА,
“Өрлеу” БАҰО” АҚФ Павлодар облысы бойынша
ПҚБАИ инновациялық білім беру және ақпараттық
технологиялар кафедрасының аға оқытушысы
Нұржамал Болатовна МАКИМОВА,
№ 24 көп салалы бағыттағы мектеп-гимназияның
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, Екібастұз қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий