Туған өлке тарихының биылғы білгірлері
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасын іске асыру аясында туған өлкесінің тарихына қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру басты мақсат, – деп хабарлайды Павлодар облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы тарапынан онлайн режимде «Менің кіші Отаным» жас тарихшылар ІІI республикалық зияткерлік байқауы ұйымдастырылған болатын. Шараға еліміздің жалпы орта білім беру және мамандандырылған мектептерінен сексеннен астам оқушы қатысты, оның 38-і жүлдегер атанды. Ережеге сәйкес үміткерлер екі кезеңдік Қазақстан тарихы бойынша тестілеу, «Менің кіші Отанымның тарихы», «Кіші Отанымның символы», «Менің кіші Отанымның болашағы» аталымы бойынша жоба қорғау және «Менің туған өлкем» тақырыбына эссе жазудан бақтарын сынады.
Загрузка...Біздің аймақтан бұл байқауға облыс кезеңінің төрт жеңімпазы қатысып, үш оқушы жүлдегер атанды. Білім және ғылым министрлігінің үшінші дәрежелі дипломдары мен естелік сыйлықтарына ие болғандардың есімін мақтан тұтамыз. «Менің кіші Отанымның тарихы» бойынша Аққулы ауданы Малыбай орта мектебінің 9 сынып оқушысы Рашит Адема; «Менің кіші Отанымның болашағы» аталымында Ертіс ауданы Ұзынсу орта мектебінің 9 сынып оқушысы Крашенинников Данил; «Менің туған өлкем» тақырыбында Тереңкөл ауданы Ёлгин атындағы №1 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Князева Софья.