Жамбылдық оқушылардың үшінші тоқсанда қалай білім алатыны белгілі болды

Оқу жылының үшінші тоқсанында аймақтағы 9, 11-сынып оқушылары оқыту пәндерінің 70%-ын оффлайн өтетіндігі жоспарлануда. Бұл туралы білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенова Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында мәлімдеді, – деп хабарлайды жергілікті салалық құрылымның баспасөз қызметі.


2021 жылдың 11 қаңтарынан бастап оқу жылының үшінші тоқсаны басталады. Үшінші тоқсанда 1-5 сынып оқушылары «кезекші сыныптарда» және эпидемиологиялық жағдайы тұрақты шалғай елді мекендерде орналасқан, оқушы саны 300-ге дейінгі мектептерде оқушылар оқуларын дәстүрлі форматта жалғастырады. Ал қашықтықтан білім алып жатқан 9 және 11 (12) сынып оқушылары үшінші тоқсанда аралас форматта оқуды бастайды.

Пәндердің 70%-ы оффлайн, 30%-ы қашықтан оқытылады. Яғни, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілі, алгебра, геометрия, физика, химия, биология, география, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы пәндерін мектепке барып оқыса, информатика, өзін – өзі тану, дене шынықтыру, құқық негізі, алғашқы әскери технологиялық дайындық пәндерін қашықтан оқиды.  Жалпы облыста 9-сыныпта 19688 оқушы, ал 11-сыныпта 10689 бала білім алып жатыр.

Мектептерде икемді сабақ кестелері жасалады. Сабақтар арасындағы үзілістер әр сынып үшін әр түрлі уақытта ұйымдастырылады. Сабақ уақыты 30 минуттан аспайды және үзіліс бес минуттан болады. Сабақ кестесін құру кезінде жоғары сынып оқушыларының жас ерекшеліктері, олардың қабілеттері мен қажеттіліктері, сондай-ақ 11-сынып оқушыларының жаңартылған білім беру мазмұнына көшуі және кіріктірілген сабақтарды өткізу мүмкіндігі ескеріледі.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий