Ұстаз – ұлы тұлға

Облыстық кәсіподақтар үйінде «Құрмет» орденінің иегері, Атырау қаласының Құрметті азаматы, ардагер ұстаз Қадим Оңғарсыновқа құрмет көрсетілді. Ол ұзақ жылдар аймақтағы халық ағарту ісіне ерекше үлес қосқан жан.

Облыстық білім беру басқарма басшысының орынбасары, бірнеше мектептің директоры лауазымы қызметтерін абыроймен атқарды. Ұлықтау шарасында Атырау облыстық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты І.Баймұханов, облыстық, қалалық салалық кәсіподақтар ұйымының төрағалары Қ.Сүндетұлы, Б.Мусағалиев сөз сөйлеп, сый-сияпат жасады.

С.ҚАПСИХОВА, Атырау облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий