2020 жыл: Жоғары оқу орындарының рейтингі
Еліміздегі жоғары оқу орындарының 2020 жылғы рейтинг қорытындылары жарияланды. Зерттеу жұмыстарын ҚР БҒМ тапсырысы бойынша жұмыс берушілердің қатысуымен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүргізді. Рейтингке ІІМ, ҰҚК және Қорғаныс министрлігіне бағынышты жоо-лардан басқа еліміздің барлық жоғары оқу орны қатысты, – деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Рейтингті жасау барысында түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіштері, білім беру бағдарламаларының сапасы және білім алушылардың жетістіктері ескерілді. Сонымен қатар білім беру бағдарламаларын жетілдірмейтін және түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіштері төмен жоғары оқу орындары анықталды.