ONLINE TEST PAD цифрлық платформаны мен қалай жасадым?
Болашақ педагогтерге өзімнің ONLINE TEST PAD цифрлық платформамды ұсынып отырмын. Қазіргі білім беру жүйесінде заманауи инновациялық технологияларды қолдану, онлайн оқытуда интернет платформаны таңдау өте маңызды. Танымал техникалық платформалардың бірі – оқушылармен жұмыс істеуге арналған OnlineTestPad интернет платформасы. Online test Pad платформасының мүмкіндіктері мол.
Тест конструкторы – мұнда мұғалім оқушылармен кері байланыс жасау үшін тест тапсырмаларын жасауға және БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын ұйымдастыруға мүмкіндік алады. Сауалнама конструкторы – мұнда мұғалім оқушылардан сауалнама түрінде тапсырмаларын ұйымдастыруға мүмкіндік алады. Сөзжұмбақ конструкторы –мұнда мұғалім қайталау сабақтарын немесе ашық сабақтарды қызықты түрде өткізу үшін сөзжұмбақ құрастыруға және оны ұйымдастыруға мүмкіндік алады. Комплексті тапсырмалар – мұнда мұғалім өз сабақтарына қажетті оқу-дидактикалық материалдарды жинақтап, арасында оқушылармен көмекші құрал ретінде қолдануға мүмкіндік алады.
Диалогты тренажерлар – мұнда мұғалім әсіресе тіл мамандардың ұстаздары, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тіліндегі сабақтарды диалогты түрде тапсырмаларды қолдануға мүмкіндік алады. Қашықтан оқыту және тестілеу жүйесі – мұнда әдіскерлер және мұғалімдер қашықтықтан семинар ұйымдастырып, нәтижесін тестілеу форматында жүргізіп, мұғалімдерге немесе оқшыларға сертификат немесе дипломдарды жария ете алады.
Online test Pad платформасында сабақты ұйымдастырудың сегіз қадамы қарастырылады: – бұл жерде қолданушы тіркеледі, яғни электронды поштасына жаңа аккаунт жіберілді, қолданушы сол сілтемені басу арқылы активтендіреді. Пароль және логинмен тест онлайн платформасына енуге мүмкіндік алады; оnline test Pad платформасындағы мүмкіндіктерді тегін қолдану: профиль. сауалнама, тесттер, сөзжұмбақтар, диалогтар, комплексті тапсырмалар; оnline test Pad платформасында менің профилім туралы мәлімет толтыру. Бұл жерде қолданушының аты-жөні және қосымша мәліметтерді толтырады. Себебі бұл сіз нақты түрде мұғалім екеніңізді растайсыз және осы жерде барлық жұмыстардың авторы болуға негіз болатын лицензиялық құжатыңызды әзірлейсіз.
Төртіншіден – онлайн түрде сабақтарды әзірлеу барысында сабақтарыңыз міндетті түрде жарияланып тұрағынын, статус түрінде ашық екен көруіңізге, және өз сабағыңыздың интерфейсі алдын ала әзірленіп, сабаққа дайын екенін растайтын құжат; негізгі сілтемені және параматрлерін әзірлеу барысында қолданушы негізгі сілтемені көшіріп Whats up желісіне немесе басқада сайттарға жіберу арқылы сабақтарыңызды жариялап отырасыздар; сабақтың мазмұнынан келсек – сабақтардың тақырыптары мен қысқа мерзімді жоспары беріліп отырады және оны қолданушыда, оқушыда сабақ жарияланғаннан бастап көре алады.
Жетіншіден нақты ұйымдастыру және сабақты енгізу тәсілдері шеңберінде қолданушы сабақты ұйымдастыруда неше түрлі форматтағы мәліметтерді енгізіп отырады. Мысалы: мәтін, сурет, сілтеме, PDF формат, YouTube бейне сабағын, аудио файлдарды, файлдарды жүктеуге осындай форматтағы мәліметтерді енгізіп, осы сабақтың тақырыбын, яғни қысқа мерзімді жоспарын енгізіп, содан кейін оқушыларға беретін тапсырмаларды беруге, осы арқылы үлестіруге мүмкіндік береді. Барлық тапсырмалар сақталады. Сегізінші қадамдағы Online test Pad платформасында кері байланысқа тест тапсырмаларын құрастыруды атсақ, бұл жерде мұғалім оқушылармен кері байланыс жасай үшін тест тапсырмасын немесе БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын ұйымдастыруға мүмкіндік алады. Барлық тапсырмалар сақталады.
Нұрлан БЕКШЕЕВ,
№3 мектеп-лицейдің информатика пәні
мұғалімі, педагог-сарапшы, Тараз қаласы