Балалар құқығын қорғау – ең маңызды мәселенің бірі

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың төрағалығымен Үкімет жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы бейне конференция режімінде ұйымдастырылды, –  деп хабарлайды осы салалық құрылымның баспасөз қызметі. 

– Балалар құқығын қорғау – ең маңызды мәселенің бірі. Видеокамера бойынша мектеп болсын, балабақша болсын өте жақсы динамика бар. Бұл тұрғыда өте белсенді жұмыс жүргізген аймақтарға алғыс айтамын. Барды бар деп айтуымыз керек. Мектеп сыртындағы әжетханалар жайында да солай деуге болады. Біз бұл мәселені жылдар бойы көтеріп келдік. Осы жылдың басында 2352 мектепте әжетхана сыртта еді. Қазіргі таңда мектептердің 99 пайызында бұл мәселе ретке келтірілді. Дегенменғ әлі де монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатқан мектептер бар, – деді өзінің сөзінде еліміздің бас педагогы. 

Министр жауапты комитет мектептерді аралап шыққанын айтып, бұл бағыттағы маңызды мәселелер комиссияның әрбір отырысында жеке қаралатындығын жеткізді. 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий