2020 жылы қазақстандық оқушылар халықаралық деңгейде 67 алтын, 125 күміс және 195 қола медаль жеңіп алды

2020 жылы халықаралық аренада қазақстандық оқушылар 67 алтын, 125 күміс және 195 қола медаль жеңіп алды. Ең беделді жарыстарға қатысу қорытындысы бойынша еліміз әлемнің 110 мемлекетінің арасында бейресми командалық есепте үздік 30 елдің қатарына енді. 1998 жылы еліміз елуінші орынды тұрақтағанын естеріңізге сала кетейік, – деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Пандемия кезінде цифрландыру саласы оқушыларды, соның ішінде шалғай ауылдардан келген балаларды интеллектуалды жарыспен қамтуға мүмкіндік берді. «Дарын» орталығы олимпиадаларға дайындалуға көмектесетін онлайн-мектепті іске қосты. Барлық балаға онлайн олимпиадалар мен зияткерлік жарыстарға қатысу мүмкіндігі беріледі. Әр бала өз білімін кезеңдік іріктеуден өтпей-ақ тексере алады. Шығармашыл балалар да өз талантын онлайн режимде көрсете алды, ал ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін «Шексіз өмір» байқауы өткізілді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий