Қалыптастырушы тапсырмалар арқылы кері байланыс орнату

Бүгінгі таңда қалыптастырушы бағалау әдістерін қолдану мұғалім жұмысын бағалаудың жаңа жүйесінің маңызды критерийлері болып табылады. Қалыптастырушы бағалауда жүзеге асырылатын негізгі бағыттар: кері байланыс, бірін-бірі бағалау, тапсырмалар беру, дескриптор, бағалау критерийлері. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек.

Менің жеке тәжірибемде физикадан тоғызыншы сыныпта қалыптастырушы тапсырмалар жинағын құрастырып, пайдаланудамын. Оқушылар оқу мақсаттарына сәйкес тапсырмалар орындайды. Әр тапсырмаға құрылған дескриптор оқушының тақырып бойынша меңгеруі тиіс білімін тиянақтауға бағытталған. Үшінші бөлімдегі Ньютонның бірінші заңы. Инерция. Оқу мақсаттары – инерция, инерттілік және инерциялық санақ жүйесі ұғымдарының мағынасын түсіндіру; Ньютонның бірінші заңын тұжырымдау және оны есептер шығаруда қолдану. Бағалау критерийлері бойынша білім алушы – Ньютонның бірінші заңын есептер  шығаруда қолданады.

Ойлау деңгейінің дағдыларына келсек білу және түсіну, қолдану. Бірінші тапсырма – сүңгуір қайық судың қалың қабатында тыныштықта  тұр. Оған  әсер ететін қай күштер  теңгеріледі?Сызбасын сыз. Дескриптор – білім алушы. Сүңгуір қайыққа әсер ететін күштерді сызып береді. Екінші – тапсырма. Бала неге құлады? Физикалық тұрғыдан сипаттама бер. Дескриптор – білім алушы. Суретті инерция тұрғысынан сипаттайды. Үшінші – тапсырма. Парашютші ашық паршютпен бірқалыпты түсіп келеді. Қай денелердің әрекеті теңгеріледі? Жер мен ауаның әсері. Арқан мен Жердің әсері және жер, ауа, арқанның әсері.

Сызбасын сыз. Дескриптор – білім алушы. Паршютшіге  әсер ететін күштерді сызып береді. Денелер әрекетін дұрыс табады. Төртінші тапсырма. Дұрыс тұжырымда анықтап, сәйкестендір. Ньютонның бірінші заңы. Үдеумен қозғалатын жүйе. Инерциялық емес санақ жүйесі. Салыстырмалы тыныштығын не сызықтық және бірқалыпты жылдамдығын сақтайтын  жүйе. Инерциялық санақ жүйесі. Егер денеге басқа денелер әсер  етпесе, не олардың әсері теңгерілсе, онда оның қандай да бір санақ  жүйесіне қатысты қозғалыс күйі өзгермейді. дескриптор – білім алушы, Дұрыс тұжырымды таба біледі.

Осы тапсырманы орындауда мен кері байланысты «БББ» – білемін, білдім, білгім келеді әдісі арқылы жүзеге асырдым. Мұғалім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын-ала біледі. Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы мұғалімнің келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады. Ең алдымен, мұғалім кері байланыс жасауға оқушыларын дағдыландырып алу қажет. Сонда ғана бұл оң нәтиже береді. Оқушы білім алудың мақсатын саналы түрде түсінсе ғана белсенді бола алады.                      

Сабақтағы кері байланыстың үш түрі бар: көңіл-күймен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыс. Көңіл-күйді білдіретін әр түрлі суреттер, смайликтер және бояу түстерімен беруге болады. Мысалы: «Ауа райы», «Бағдаршам», «Алма ағашы» «Қайық». Физикадан 7 сыныптағы ауырлық күші тақырыбын өткенде оқушыларға сабақ басында түрлі-түсті алма беріледі. «Алма ағашы» әдісі бойынша: жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым, сондықтан көңіл-күйім көтеріңкі, қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл-күйім жоқ дегенді білдіреді. Сабақ соңында әр оқушы өз көңіл-күйіне байланысты алмаларын алма ағашына ілді. Сабақты қорытындылау «синквейн» әдісі бойынша жүзеге асты:

Ньютон – ұлы ғалым. Алма жерге құлауының себебінен жердің тартылыс күшін ашты. Әлемнің атасы. Сабақтағы іс-әрекетке байланысты кері байланыс. Мысалы: «Табыс сатысы» әдісінде кәдімгі сатының суреті беріледі. Бірінші баспалдағы Мен…………. БІЛЕМІН, екінші баспалдағы  Мен ………… ТҮСІНЕМІН, үшінші баспалдағы Мен ……………  ЖАСАЙ АЛАМЫН. «Бір сөйлеммен тұжырымдаңыз» әдісінде оқушылар жаңа тақырыпты қалай түсінгенін бір сөйлеммен тұжырымдайды: білдім,түсіндім,ұнады…. сөздерімен. Оқу материалының мазмұнына берілетін кері байланыс.

Мысалы: «Плюс, Минус, Қызықты». «Плюс» – оң  әсер еткен фактілерді, алған білімдері жайлы жазады. «Минус» – қолымнан келмей жатыр  немесе түсініксіз болып тұр деген ойларын жазады. «Қызықты»  –  деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады немесе не жайында көбірек білгісі келетінін жазады. Жоғарыда келтірілген кері байланыс түрлері жеке оқушының жұмысына бағытталған. Сонымен қатар оқушылардан топтық кері байланысты алуға болады. Бұнда жеке өзінің пікірі емес, жалпы топтың пікірі, топтағы жұмыстардың нәтижесі алынады. 

Жалпы кері байланыстың тиімділігіне тоқталар болсақ: Оқушылар үшін: рефлексия-оқушыны өз-өзіне есеп беруге баулиды; рефлексия арқылы оқушының  қажеттілігін біле аламыз; рефлексия арқылы оқушының өзіндік көзқарасы қалыптасады; рефлексия арқылы білім беру барысының сапасын жақсартуға болады және рефлексияның нәтижесінде оқушының сыни көзқарасы қалыптасады, өз-өзіне баға бере алады. Мұғалімдер үшін тиімді жағы: біріншіден, оқытудағы олқы тұстарын анықтайды; екіншіден, келесі сабақтың жоспарына өзгерістер енгізуге, түзетуге яғни оқытудың тиімді әдіс пен тәсілдерін таңдауға мүмкіндік береді; үшіншіден, уақытты үнемді пайдалануға мүмкіндіктер береді. Қорыта келгенде қалыптастырушы тапсырмалар арқылы кері байланыс орнату оқумен оқытудың қалай жүріп жатқандығын, оның сапасын анықтауға мүмкіндік береді.

Алмагул Байсатанқызы ТУЛЕУТАЕВА,
Титов атындағы орта мектебінің
физика пәні мұғалімі, Алматы
облысының Ескелді ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий