Республикалық байқау: Ақмолалық оқушы үшінші орынды иеленді

Республикалық деңгейдегі үшінші Қадыр оқулары Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы үйлестіруімен онлайн форматында ұйымдастырылған болатын. іс-шара Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын, қазақ әдебиетінің ірі өкілі Қадыр Мырза Әлінің туғанына 85 жыл толуына орай пайда болды, – деп хабарлайды Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметі. 



Байқаудың мақсаты – Қадыр Мырза-Әлі шығармаларын насихаттау, поэзияға деген құштарлықтарын арттыру, ақынның сөздеріне жазылған әндерін дәріптеу. Байқаудың үш аталымы бойынша Ақмола облысынан келесі оқушылар қатысты: ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу бойынша «Сөзім барда – өзім бар» номинациясы – Аманбай Жанар, Целиноград ауданы Қараөткел ауылы №2 орта мектебінің 8-сынып оқушысы; екінші – ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындау бойынша «Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы…» номинациясы – Елешқызы Шұғыла, Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп- интернатының 11-сынып оқушысы.

Үшіншіден – жазба ақындар мүшайрасы бойынша «Өлең жаздым тоғыз тарау, жеті өрім» номинациясы – Сатыбаева Аружан, Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы. Байқаудың қорытындысы бойынша «Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы…» Қадыр Мырза Әлі сөздеріне жазылған әндерді орындауда Ақмола облысынан Елешқызы Шұғыла жүлделі үшінші орынды иеленді. Сондай-ақ, Аманбай Жанар мен Сатыбаева Аружан қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий