Дария Қожамжарова: Президенттің мақаласы Тәуелсіздік ұғымын бүкіл Қазақстандықтардың санасына сіңіруге бағытталған

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың “Егемен Қазақстан” газетінің 2021 жылдың 5-ші қаңтарында “Тәуелсіздік бәрінен қымбат” атты мақаласы жарияланды. Мақала мазмұнында Қазақстанның өткені мен бүгіні толық сараланып, болашаққа бағдарды айқындап берген, – деп жазады М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі,тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі Дария Пернешқызы ҚОЖАМЖАРОВА фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында. 

Тәуелсіздіктің 30 жылдық тарихын шартты түрде үш он жылдыққа бөліп, алғашқы он жылдық – жаңа Қазақстанның іргетасының қалану кезеңі, екінші он жылдық – қазақ елінің керегесін кеңейту кезеңі болса, үшінші он жылдықта мерейлі мемлекетке айналдық. Президент шекара мәселесін біржола шешіп, “Қазақстан – 2050” стратегиясын қабылдап, озық дамыған 30 елдің қатарына қосылуды межеледік деп тарих толқынын бағалай келе, алдағы төртінші он жылдықта атқарылатын жұмыстарды нақтылады.

Мақаладағы негізгі мәселелер бағдар мен белес, таным мен тағылым, қоғам мен құндылық, ұлағат пен ұстаным атты тарауларының идеясы мен мазмұнын, қастерлі Тәуелсіздік ұғымын бүкіл Қазақстандықтардың санасына сіңіру болып табылады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий