ҚазҰУ Coursera-ға шықты!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің алғашқы жаппай ашық онлайн курсы – Methods of molecular biology 2021 жылғы қаңтар айының 2-і күні онлайн білім беру саласындағы әлемдік көшбасшы Coursera халықаралық білім беру платформасында жарияланды, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Онлайн курсты жаңа білім беру технологиялары институты (ЖББТИ) биология және биотехнология факультетімен бірге Петр Ұлы Санкт-Петербург политехникалық университетімен бірлесіп әзірледі. Molecular biology Methods онлайн курсы ағылшын тілінде әзірленген және бес модульден тұрады: Molecular biology of viruses; Molecular biology of bacteria; Molecular plant biology; Molecular biology of animals; Molecular biology and medicine. Бейне дәрістер жазбалармен, глоссариймен, пайдаланылған және ұсынылған әдебиеттер тізімімен қоса беріледі. Өткен материалды бекіту үшін бағаланбайтын тесттер жасалды. Бақылау үшін-бағалау тестілері және курс тыңдаушыларының бір-бірінің жұмысын өзара тексеруге арналған қорытынды эссе (peer review). Жақын арада қазақ және орыс тілдерінде субтитрлер қосылады.

Курстың автор-құрастырушылары – биология және биотехнология факультетінің молекулярлық биология және генетика кафедрасының қызметкерлері: аға оқытушы, PhD Айжан Жүсіпова, кафедра меңгерушісі, б.ғ. к. Жазира Жүнісбаева, аға оқытушы, PhD Изат Смекенов. ЖББТИ директоры Әсел Мусинованың айтуынша, онлайн курстың іске қосылуы Coursera-ға шығу үшін серіктес университетті іздеу, келіссөздер, әзірлеу үшін курсты таңдау және контентпен тікелей жұмыс істеу бойынша үш жыл тынымсыз жұмыстың нәтижесі болды. Алда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Ұлы Петр СПбПУ-да қашықтықтан білім беру саласындағы ынтымақтастық бойынша жаңа жоспарлары бар.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий