Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы

Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласын жарияланды. Мақалада еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығы жолындағы тарихы мен алдағы жолы айқын көрініс тапқан. Президенттің төрт бөлімнен тұратын мақаладағы әр сөзінде кесек сөз, кемел ой өрнектеледі.

«Бағдарлы белес» бөлімінде әрбір саналы азаматты толғандырар «Отыз жылда біз қандай жетістіктерге жеттік?», «Келер ұрпаққа қандай елді аманаттаймыз?», «Мемлекеттігімізді нығайта түсу үшін тағы не істейміз?» деген сауалдарын кемел елдің 30 жылдық тарихындағы жүріп өткен жолымен сипаттаса, «Таным мен тағылым» бөлімінде ата – бабаларымыздың азаттық жолындағы арпалысын, «Мәдени мұра» бағдарламасының құндылықтары арқылы ұлт шежіресін түгендегенімізді айқындайды.

«Өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ» деген халықпыз. Оны да Президент әрбір халық өзінің арғы – бергі тарихын өзі жазуға тиіс,  тарихи сананы жаңғыртып, ұрпақтың санасын оятып, ұлттың  жадын жаңғырту мәселесін дөп басады. «Қоғам мен құндылық» бөлімінде кең байтақ қазақ елінің қасиетті жер байлығы, оны қастерлеп – қадірлеуді айтады. Біртұтас қазақ жерінің өзі қымбат, әрбір уысы алтын екенін суреттеп жазған кемел жанның сөзі әрбір адамның жүрегін елжірететіні сөзсіз. Осы қасиетті жерді қорғау, ластамау, табиғатты қорғау – әрбір перзенттің санасында тұруға міндетті.

Ал мемлекеттік тіл туралы Президентіміздің айшықты жазбалары әрбір жанның жүрегінен орын алуы тиіс. Тілге құрмет – елге құрмет, ұлтқа құрмет. Мемлекеттік тілді білу – әрбір отандасымыздың азаматтық парызы. «Ұлағат пен ұстаным» бөлімінде – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұқжырымдамасы мен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі туралы бастамаларының жүзеге асырылуына тоқталады. Елдің іргесінің шайқалмауы, бекем болуы да «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының өз дәрежесінде іске асуында. Еліміз қарқынды дамып келе жатқан мемлекет деуге болады.

Тұғырлы, экономикасы қуатты, рухы асқақ, білімді ұрпағы бар тәуелсіз мемлекеттің ертеңін жалғайтын  ұрпақ тәрбиелеу – әрбіріміздің басты мақсатымыз болғанда ғана, біз Мәңгілік Елдің ұрпағымен мақтанамыз. Білім мен біліктің дәуірінде өмір сүріп жатқан ұрпақпыз. Әрбір адамның үздіксіз білім жетілдіруі мен жаңа кәсіпті игеруі, бәсекеге қабілетті болуы, білім мен технологияны игеруі басты қозғаушы күш болу керектігін де Президент мақаласында келтірген.

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы. Олай болса, әрбір педагог кемел елдің келешегі қазақ елінің ұрпағына сапалы білім, саналы тәрбие беруі ләзім. Дарынды балалардың қабілетін біліммен шыңдап, еліміздің экономикасына бейімдеу керек. Білімді де, білікті жастар – ертеңіміз екенін естен шығармауымыз керек. Әрбір баланың бойында отансүйгіштікті, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру – әрбір ата – ана мен ұстаздың басты міндеті болуға тиіс.

Президент сөзімен айтсақ «Халқымыздың біртуар перзенті Әлихан Бөкейханов «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» деген. Біз шынайы патриоттық сезіммен рухтанып, қасиетті Тәуелсіздігімізді одан әрі нығайта түсу үшін бірлесе жұмыс істеуіміз керек». «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» деген бір ауыз сөз мәңгі ұранымыз болуға тиіс.  

Шарбану ТОЛЫБАЙҚЫЗЫ,
Қазалы аграрлы – техникалық колледжінің
әдіскері, Қызылорда облысы

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий