Атыраулық оқушы өсімдіктерден алынатын бояудың жаңа тәсілін айтты
Махамбет ауданындағы Қосарал орта мектебіні 9 сынып оқушысы Айнұр Мұратова “Табиғи индикатор алу және қолдану” тақырыбындағы жобасын қорғап, жүлделі бірінші орынмен марапатталды, – деп хабарлайды Атырау облысы білім беру басқармасының баспасөз қызметі.
“Дарын» республикалы ғылыми-практикалық орталығы ұлы ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеу аясында оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын дамыту мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында әл-Фараби атындағы республикалық ғылыми жобалар байқауын ұйымдастырған болатын. Онда атыраулық оқушының тың тақырыптағы зерттеуі қазылар алқасының көзіне түскен.
Айнұр Мұратованың ғылыми жетекшісі Сандуғаш Қабазованың айтуынша, онлайн режимдегі білім бәсекесіне еліміздің барлық облыстарынан 263 оқушы қатысыпты. – Оқушым екеуміз көптен ойымызда жүрген бұрын зерттелмеген тақырыпты алдық. Айнұр зерттеуінде табиғи шикізаттан қолмен алуға болатын индикаторларды (табиғи бояуларды) тәжірибе жүзінде дәлелдеп көрсетті. Табиғи өсімдіктердердің құрамы қоршаған ортаның әсеріне байланысты түсін жиі өзгеретінін анықтады, – деді ол.
Айнұр Мұратованың өзі жасаған зерттеуін алдағы уақытта химия сабағында зерттеу түрінде ғана емес, тұрмыста да қолдануға болатынын айтып отыр. Сондай-ақ, ыдыс жуғыш «Миф», «Fairy», «АОS», түрлі иіс сабындардың бәрі осындай химиялық әрекеттесу арқылы жүзеге асатынына тоқталды. – Тұрмыста кеңінен пайдаланылып жүрген жуғыш заттар химия тілімен айтқанда, сілтілік және әлсіз сілтілік ортада жасалады. Сондықтан, табиғи өсімдіктерден бояу алу тақырыбын алдағы уақытта кеңірек зерттей түспекпін. Табиғи өсімдіктердің құрамын, олардан табиғи бояу алу зерттеулері мектеп бағдарламасының 5 және 6 сыныптың «жаратылыстану», 7 сыныптың «химия» оқулықтарына енгізілсе, көптеген жас ғалымдар шығар еді, – дейді ол.
Загрузка...