Ақмола облысының педагогтері былтыр біліктіліктерін қалай арттырды?
2020 жылы еліміздегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, қашықтан оқыту форматында педагогтердің біліктілігін арттырудың механизмдері мен әдістемелері әзірленді. Отандық білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2020 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша біліктілікті арттыру курстарында аймақтың 5379 педагогы «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында, Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтында, Көкшетау қаласының Педагогикалық шеберлік орталығында (2702 адам – «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалдары, 2313 адам – ПШО), «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасына – 106; Алматы қ. «Бөбек» ҰҒПББСО желісі бойынша 27 педагог қызметкер және Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы желісі бойынша 231 әдіскер оқытудан өтті, – деп хабарлайды жергілікті білім басқармасының баспасөз қызметі.
ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламалары бойынша облыстың 1062 педагогы «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында және Көкшетау қаласының Педагогикалық шеберлік орталығында мектепке дейінгі білім берудің 254 педагогы біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Оның ішінде 250 бастауыш сынып мұғалімі, 25 қазақ тілі мұғалімі (Я2), 50 ағылшын тілі мұғалімі, 25 орыс тілі мұғалімі (Я1), 153 тарих пәні мұғалімі, 58 физика пәні мұғалімі, 109 биология және жаратылыстану пәні мұғалімі, 90 химия және жаратылыстану пәні мұғалімі, 82 география пәні мұғалімі, 100 математика пәні мұғалімі, 20 информатика пәні мұғалімі, 100 көркем еңбек пәні мұғалімі, 164 мектепке дейінгі тәрбиеші, 90 мектепалды тәрбиеші.
Қысқа мерзімді және деңгейлік біліктілікті арттыру курстарында 4063 педагог біліктілігін арттырды: білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыратын республикалық институты базасында 180 адам: менеджментті жетілдіру бойынша облыс мектептерінің 48 директоры, директорлардың оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, 25 МБҰ меңгерушісі, 50 робототехника бойынша педагог, 42 инклюзивті білім беру бойынша педагог, 15 педагог-психолог; БАИ базасында – 1460 адам: мектепке дейінгі ұйымдарының 325 педагог қызметкері, 40 бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы-оқытушы, 330 пән мұғалімі, 25 мемлекеттік тілді деңгейлік үздіксіз оқыту стандартын іске асыру жағдайында біліктілікті арттыру курс, 50 аға тәлімгер, 575 ШЖМ кіріктірілген пәндері бойынша курс, 75 педагог-психолог, арнайы интернаттық ұйымдардың 20 тәрбиешісі, 20 бағдарламалау бойынша.
Педагогикалық шеберлік орталығында – 2059 адам: 43 «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасы бойынша, 347 «Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» бағдарламасы бойынша, 1669 түрлі білім беру бағдарламалары бойынша; «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының желісі бойынша «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша 106 педагог; Алматы қаласындағы «Бөбек» ҰҒПББСО желісі бойынша –«Өзін – өзі тану» пәні бойынша 27 педагог; Ыбырай Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы желісі бойынша білім беру ұйымдарының 231 әдіскері.
ҚР БҒМ тапсырмасына сәйкес 2020-2021 оқу жылына дайындық және оқушылармен қашықтан оқытуды ұйымдастыру мақсатында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ 11139 мектеп мұғалімдеріне қашықтан сабақтарды ұйымдастыру және өткізу бойынша оқыту вебинарлары, сондай-ақ ата-аналар мен білім алушыларға қашықтан оқытудың ерекшеліктері мен мүмкіндіктері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Педагогикалық шеберлік орталығы мен «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ қашықтан оқыту форматында оқытуға әдістемелік қолдау көрсету мақсатында жыл бойы облыстың екі мыңнан астам педагогының қатысуымен қашықтан оқыту процесінде мұғалімдер мен оқушылардың қызметін түзету үшін АКТ, smart технологияларды пайдалану мүмкіндіктерін қарау мақсатында аймақтық қашықтан онлайн-семинарлар (вебинарлар) өткізілді.
Сондай-ақ, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығымен ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша еліміздің педагогтеріне stepik.org жалпыға қолжетімді тегін платформасында асинхронды форматта «Қашықтан оқытуды үйренемін» ашық онлайн-курсы орналастырылды. Аталған курс бойынша облыстың 13719 педагогын оқыту жоспарланған, ал Ақмола облысының 14925 педагогы тіркеліп, білім алды.
Загрузка...