БҒМ: Үшінші тоқсан кестеге сәйкес бүгін бастау алады

Сайлау кезеңінде республикамыздағы 7 мыңнан астам мектептің 5 522 мектебі сайлау учаскесі үшін пайдаланылды; мектепке дейінгі 6 651 ұйымның 143-і; 644 орта білім беру ұйымының 215-і; 125 жоғары оқу орнының 53-і және 22 мектеп-интернаты мен спорт мектептері, 114 жоғары оқу орнының жатақханалары, сонымен қатар өзге білім беру ұйымдарында орналасқан 12 үйірме нысандары (мектеп оқушыларына арналған сарай, шығармашылық үйі, музыкалық мектептер) пайдаланылды, – деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №69 «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауын ұйымдастыруда және өткізуде COVID-19-дың таралуының алдын алу шаралары туралы» қаулысына сәйкес, сайлау учаскесі ретінде пайдаланылған білім беру мекемелерінде сайлау аяқталғаннан кейін залалсыздандыру шаралары ұйымдастырылады.

Дезинфекциялық іс-шаралардың аяқталған соң мектеп қабырғасында кезекші сыныптар мен 9,11 сыныптар үшін дәстүрлі форматтағы оқу процесі әр түрлі уақытта (бірінші немесе екінші ауысымда) бастайды. Дауыс беру процесін ұйымдастыруда пайдаланылмаған және дезинфекцияны аяқтаған ұйымдарда оқыту 2021 жылғы қаңтар айының 11-і күні мектеп қабырғасында (бірінші немесе екінші ауысымда) басталатындығы ресми түрде мақұлданған. Дезинфекциялық іс-шаралар аяқталмаған білім беру ұйымдарының оқушылары онлайн форматта, яғни қашықтан оқиды. Осылайша, еліміздің барлық мектептерінде үшінші тоқсан бекітілген кестеге сәйкес қашықтан немесе дәстүрлі форматта бүгіннен бастау алады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий