Батыс Қазақстан: Облыс әкімі білім мекемелерін аралады
Өңір басшысы Ғали ЕСҚАЛИЕВ қаңтар айының алғашқы аптасындағы іргелес үш ауданға жасаған іссапары барысында білім беру мекемелерінің тыныс-тіршілігімен танысты, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.
Облыс әкімі ең алдымен ат басын Жәнібек ауданы Жақсыбай ауылдық округіндегі М.Ықсанов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-балабақша кешеніне бұрды. Себебі бұл ғимаратқа былтыр күрделі жөндеу жүргізілген болатын. Ғали Нәжімеденұлы жарқыраған спорт залда үстел теннисімен шұғылданып жатқан жігіттерді сөзге тартып, ауыл жастарының салауатты өмір салтын ұстануы үшін мемлекет тарапынан жайлы жағдай жасалғандығын жеткізді. Мектеп директорының айтуынша білім алатын 195 оқушыға дәріс беруші пән мұғалімдерінің саны 46.
Бөкей ордасы ауданынына қарасты Хан ордасы ауылындағы Жәңгір хан атындағы орта мектеп сонау 1985 жылы салыныпты. Жөндеу жұмыстары соңғы рет он үш жыл бұрын жүргізілген екен. Жағдайды көзімен көрген өңір басшысы күрделі жөндеу үшін жұмсалатын қаржыны үндемдеу мақсатында негізгі басымдықты асхана мен әжетханаға бұру қажеттілігін тапсырды. – Жөндеу жұмыстарынна кететін шығын мөлшері әзірге белгісіз. Қаңтар айының 20-сы күні арнайы сараптама жасалады. Сол кезде нақты көлемін анықтамақпыз, – деді аудандық білім беру бөлімінің басшысы Нұркен Сабиров.
Ақбота» бөбекжайы 1983 жылы салынғанымен тоқырау тұсында жабылып, 2004 жылы қайтадан пайдалануға берілген соң біраз уақыттан кейін кішігірім жөндеу жұмыстары жасалыпты және шатыры ауыстырылған. «Жиенбай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі былтыр 125 миллион 381 мың теңгеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуі нәтижесінде еденіне қоса жылыту жүйесі қайта жаңартылып, ішкі әжетхана іске қосылғанын көрдік.
– Ғимаратымыз заманға сай қайта жаңғырды. Бұрын бес топ бар болса, енді алты топ қабылдап отырмыз. Тәрбиеленушілер саны артқан соң, қызметкерлер қатары да алты адамға еселенді. Мердігердің сапалы жұмысына дән ризамыз. Және жергілікті бюджеттен 15 миллион теңге бөлініп, жаңа жиһаздар мен төсек жабдықтарға қоса ыдыс-аяқтар мен ойыншықтар алдық. Талапқа сай жасалған ойын алаңы да белсенділікпен атқаратын ізгілікті ісімізге серпін беріп тұр, – деді бөбекжай директоры Аягөз Түсіпқалиева.
Жаңақала ауданынадығы Пятимар ауылдық округінің орта мектебіне былтыр жауапкершілігі шектеулі «Қалдығайты» серіктестігі үрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген болатын. Жоба құны – 364 168 53648 теңге. Қазіргі кезде бұл алтын ұяда 197 шәкірт оқиды. Білім беру мекемесінің жанында шағын балабақша мен жатақхана жұмыс істеуде. Мектеп толықтай жаңа жиһаздармен, қажетті ноутбук-компьютерлермен қамтылған. Ғимаратқа келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 35 бейнекамера орнатылған.
Загрузка...