NIS түлегі Адия Махамбетовадан сан басымдылығы

Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2013 жылғы түлегі, «Алтын белгі» төсбелгісінің иегері Адия Махамбетова Бостондағы  Fidelity Investments компаниясының бас кеңсесінде инвестициялық математик – квонт позициясында жұмыс істейді, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Активтерді басқару бойынша әлемдегі ең ірі компаниялардың бірінде  инвестициялық математик ретінде қызмет атқаратын Адия Forbes Woman Kazakhstan басылымына сұхбат беріп,  квонттар дегеніміз кімдер, олар қаржы секторына қалай ықпал етеді, АҚШ-та өткен сайлаудан кейін  қор нарығында болуы мүмкін өзгерістер туралы айтып берді. Инвестициялар математикасы – құнды қағаздар нарығында өзгерістерді болжайтын жаңа бағыт. Бұл саладағы мамандар өздерін  Quantitative Research Analysts немесе қысқартып квонт деп атайды.

Квонт міндеті – табыс табу мүмкіндігі үлкен салымдарды табу, яғни табыстың жоғары математикалық күтімі бар инвестицияларды анықтау. Бала күнінен математикаға құштар Адия Назарбаев Зияткерлік мектебін үздік бітірген жылы Назарбаев Университетінің Ғылым мен технология мектебіне «Математика» мамандығы бойынша бірден бірінші курсқа (direct) оқуға қабылданды. Университетте  үздіктер қатарынан табылған Адия үш рет  құрметті «Deans’ list» тізімінде болды.

Университетте оқып жүрген кезде ол Қазақстанда және Орталық Азияда аудиторлық, салық, кеңестік қызмет көрсететін халықаралық  KPMG компаниясында тағылымдамадан өтті. Университетті бітірген жылы Адияға KPMG компаниясының кеңесші позициясы берілді. 2017 жылы талапты түлек Бостон университетінің Бизнес мектебінің магистратурасына шақыру алып,  «Қаржы инженериясы» мамандығы бойынша толық оқу грантына ие болды.

Юлия Германның «Сан басымдылығы» мақаласы FORBES WOMAN KAZAKHSTAN беттерінде:

https://m.forbes.kz/woman/chislennoe_prevoshodstvo_1609328327/?fbclid=IwAR0-0DigVdYK-nAUvZ8UYGm-09KhjcT1EiIrwct0L4te_iKumZmxWtRA2_M

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий