Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша жаңаша әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігі

Бүгінгі таңдағы оқыту үрдісі жаңа әдіс-тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды тaлап етеді. Әр мұғалім өз іс-тәжірибесінде көптеген қиындықтармен, кедергілермен кездеседі. Ол зaман көшіне ілесу үшін өз білімін жетілдіріп отыруы қaжет. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймын.

Әдіс-тәсілдер оқушы белсенділігін дамытудың негізі. Мен өз іс-тәжірибемде кеңінен қолданылып жүрген әдіс-тәсілдеріммен бөлісейін: Plickers – бұл сабақта оқушылардың білімін жылдам бағалауға арналған ыңғайлы бағдарлама. Сіз бүкіл сыныпты жарты минут ішінде сауалнама жүргізе аласыз. Сізге тек сыныптағы әр оқушыға және телефоныңызға немесе планшетіңізге басып шығарылған парақшалар қажет. Әр оқушының өз карточка нөмірі бар, ол болашақта Plickers жасаған картада көрсетіледі. Әр оқушының жеке картасы болады.

QR коды (QR – Quick Response – жылдам жауап) – бұл ұялы телефондағы камера арқылы оны тез тану үшін ақпарат беретін екі өлшемді штрих-код (бар-код). QR-кодтың көмегімен кез келген ақпаратты кодтауға болады, мысалы: мәтін, телефон нөмірі, сайтқа сілтеме немесе визит карточкасы. QR кодтау толықтырылған шынайылық нұсқаларының бірі болып табылады және білім беруде қолданылу тиімділігі өте зор.Электрондық кітапхананы ұйымдастыру үшін, интерактивті зертханалардың жұмысы үшін, сондай-ақ сабақ үстінде жұптық, топтық  жұмыстарда қолдану өте ыңғайлы.

«Рулетка» әдісі. Бұл әдісті көбіне сабақ соңында,сабақты қорытарда қолдану өте тиімді.Жаңа сабақты қалай меңгергендіктерін анықтау үшін әр оқушыға жеке тапсырмалар беруге болады. Бұл әдіске мына ссылка бойынша кіруге болады: https://www.classtools.net/random-name-picker/33_5edMT6. Әрбір сабақ мұғалімнің шығaрмашылық жұмысы. Сондықтан да әр сабақты оқушылардың есінде қaлатындай етіп түрлендіріп отырған жөн.

Қазіргі ғылым мен техниканың дaмыған заманында оқушылардың білім деңгейін тереңдету, ғылыми тұрғыда дамыту, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін арттыру, өз беттерімен ізденушіліктерін, ақпараттық құралдарды іздестіру және оны пайдалана білу мақсатында жаңа технология әдістерін тиімді пайдалану ұстаз шеберлігінің белгісі.

Ақмарал ЖУМУШОВА,
№3 мектеп-лицейдің физика пәні мұғалімі,
жоғары санатты педагог, Тараз қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий