НЗМ – Тараз: Үміткерлердің құжатын қабылдау жүріп жатыр

Тараз қаласындағы Назарбаев Зиякерлік мектебінде 7-сыныпта оқуға үміткер оқушылардың құжаттарын қабылдау жүріп жатыр. Құжат қабылдау 2020 жылғы желтоқсан айының 2-інен бастап, 2021 жылғы қаңтар айының 23-іне дейін дейін жүзеге асады. Биылғы жылы санитарлық талаптарды сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қабылдау комиссиясына келушілер үшін брондау қызметі іске қосылды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Бұл қызмет құжат тапсырушыларға мектепке келу күні мен уақытын алдын ала белгілеуге мүмкіндік береді. Онлайн брондау қызметін пайдалану үшін келесі әрекеттерді орындау қажет: Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің trz.nis.edu.kz веб-сайтын ашу; «Конкурстық іріктеу» бөліміне кіру; «Қабылдау комиссиясына арнайы кезекті брондау» қосымшасын ашу; Ашылған терезе арқылы күнтізбеде құжат тапсыру үшін мектепке келу күні мен уақытын таңдау; Байланыс деректерін көрсету; Брондауды растау; Барлық жиектер толтырылып, брон жасалғаннан кейін көрсеткен электрондық поштаға брондаудың расталғаны туралы хабарлама келеді.

Зияткерлік мектепке келген жағдайда сақталатын санитарлық талаптар: үміткер мен заңды өкіл (1 адам) Зияткерлік мектеп ғимаратына тіркеу кезінде белгіленген уақытта ғана (қатаң түрде) кіргізіледі. Мектепке келу кезінде бетперденің болуы міндетті; мектеп территориясында көрсеткіш белгілерімен жүріп, әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет; мектеп территориясына үміткер және заңды өкілмен ілесіп келген басқа тұлғалар жіберілмейді.

Сонымен қатар, мектеп әкімшілігі халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, індеттің жұғу қаупін азайту үшін белгіленген санитарлық-профилактикалық ережелерді ұстануды, сондай-ақ короновирустық инфекция және ЖРВИ белгілері байқалған жағдайда мектепке келуді кейінге калдыруды сұрайды. Үміткерлер конкурстық іріктеуге қатысу үшін қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады: конкурсқа қатысу үшін өтініш беру; сауалнама толтыру; үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі, үміткердің ЖСН-і, бар болған жағдайда жеке бас құжатының көшірмесі, заңды өкілдің ЖСН-і көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі; 086/у медициналық анықтама формасы (медициналық анықтаманы ала алмаған жағдайда, мектепке қабылданған кезде тапсыруына болады; үміткердің соңғы оқу жылындағы үлгерімі мен тәртібінің, егер үміткер оқу жылын аяқтамаған жағдайда оқуын жалғастыратын болса, оқу жылының бірінші жарты жылдығындағы үлгерімі мен тәртібі туралы табелінің көшірмесі.

Талап етілген құжаттар оқитын мектеп басшысының қолымен расталып, тиісті білім беру ұйымының мөрімен бекітілуі керек (Ескерту: құжаттарды 6-сыныптың 1-ші жартыжылдығы аяқталғанға дейін тапсырсаңыз 5-сыныптың табелі қабылданады, 6-сыныптың 1-ші жарты жылдығы аяқталған соң тапсырсаңыз 6-сыныптың 1-ші жартыжылдық табелі қабылданады). Үміткердің графикалық файл түріндегі 1 МБ (мегабайт) кем емес көлемі 3х4 см. цифрлі фотосуреті немесе үміткердің фототүсірілімі құжат тапсыру кезінде қабылдау комиссиясында жасалынады.

Көрсетілген барлық құжаттар пластикалық тезтікпеге салынады. Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқуға үміткерлердің құжаттарын қабылдау келесі мекен-жай бойынша жүргізіледі: Арай массиві, Домалақ ана көшесі, 266, тел: 8 (7262)99-98-56, 8 707 815 59 45

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий