Мұзафар атындағы мектеп мерейі

Аталған жаңа білім ордасы «Затон» базары шағын ауданында орналасқан. Мектептің ашылу салтанатына облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов қатысып, барша қала тұрғындарын және мектеп ұжымы мен оқушыларды құттықтады, – деп жазады Павлодар облыстық “САРЫАРҚА САМАЛЫ” газетінің сайты.

– Биыл жерлестеріміз ерекше жаңалықтың куәсі болып отыр. Бұл – заманауи үлгіде салынған аймағымыздағы алғашқы мектеп. Мұны жас ұрпақ үшін үлкен әрі маңызды жетістіктердің бастамасы деуге толық негіз бар. Жаңа мектепте білім алатын әрбір балаға толыққанды жағдай жасалған деп сенеміз. Сондықтан, оқушыларымыздың мектеп партасына тезірек оралуына тілектеспіз, – деді Әбілқайыр Бақтыбайұлы.

Мекеменің ашылуына ұстаздар мен оқушылар бейнеконференция арқылы қатысып, қуанышты сәттің куәсі болды және өз алғыстарын да білдірді. Солардың бірі 6-сынып оқушысы Әнел Солтанбаева: «Жаңа мектептің табалдырығын аттап, барша достарыммен және ұстаздарыммен қауышу сәтін асыға күтіп жүрмін. Мектебімізде жасалған жағдай бізге бұрынғыдан да жақсы жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді деп ойлаймын, –  деп қуанышымен бөлісті.

Қалалық білім беру бөлімінің басшысы Самал Айтқазинаның сөзінше, мектеп екі тілде білім береді және екі ауысым бойынша жұмыс істейді. Ал өзге мектептерден басты ерекшелігі – өлкетану  саласына басымдық берілген. Сонымен қатар, қызмет сапасын әрдайым бақылап, жетілдіріп отыру мақсатында ерекше электрондық жобаларды іске қосыпты.

– Мысалы, «Е-portfolio» электрондық базасы арқылы әр педагогтың барлық жетістіктері мен атқарып жатқан жұмыстарын көруге болады. Ал толық автоматтандырылған «Е-kitaphana» жүйесі арқылы оқушыға қажетті әдебиеттерді оңай тауып алуға мүмкіндік жасалған. Асханада орнатылған «e-pit» құрылғысының көмегімен балалар дайындалған тағамның сапасын бағалай алады. Сондай-ақ, кітапханада әртүрлі бағытта презентациялар, конференциялар және басқа да іс-шаралар өткізуге арналған «Со-Working» орталығы бар, – деді Самал Оспанқызы.

Облыс әкімі мектептің жабдықталу үлгісіне жоғары баға берді. Мұражайдан Мұзафар ақын туралы құнды мәлімет-термен танысуға және қолданған заттарын, киген киімдерін тамашалауға болады. Сондай-ақ осы күні аймақ басшысы «Заманауи мектеп» бағдарламасы бойынша жөнделген тағы үш білім мекемесінің жұмысын бақылап өтті. Алдымен инновациялық типтегі №34 және №28 орта мектептерінің жөндеу жұмысына баға берді. №34 мектепте кішігірім кемшіліктер бар екенін байқаған Әбілқайыр Бақтыбайұлы олқылықтарды жоюды тапсырды. Сонымен қатар, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған қазақ гимназия-интернатына барып, жаңа жабдықталған тәжірибелік зертханаларды, оқушылар жатақханасын, жаңа ашылған Stem кабинетін және басқа да оқу кабинеттерін аралап көрді. Еске сала кетейік, биыл облыс әкімінің қолдауымен «Заманауи мектеп» бағдарламасы бойынша өңірде алты мектеп күрделі жөндеуден өтті. 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий