Жамбылдық оқушылар халықаралық байқаудың жеңімпазы

Аймақтағы дарынды балаларға арналған ІТ лицей-интернаты оқушыларынан құрылған команда халықаралық робототехника байқауында VEX IQ Challenge бағыты бойынша бірінші орынды жеңіп алды, – деп хабарлайды Жамбыл облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Қаңтар айының 7-10 күндері аралығында Алматы қаласында робототехника бойынша халықаралық «KAZAKHSTAN International Robotics Competition» сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа Қазақстан, Испания, АҚШ, Ресей, Жапония, Өзбекстан елдерінен жалпы 22 команда бақ сынап, елімізден 15 команда қатысқан болатын.

Оқушылар сайыс талаптарына сәйкес роботтарды арнайы құрылғылармен басқару арқылы мұнара құрды және кодтау жүйесін енгізу арқылы тапсырмаларды өздігінен орындайтын роботтарды ұсынды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий