Қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының атасы

Кемел кітаптары – көркем әдебиетте деректі қалай пайдалануға болатындығының үлгісі, – дейді Қалмұқан Исабаев. Майдангер жазушы, драматург, прозашы,  Бірінші және екінші дәрежелі «Отан соғысы» орденінің және екі мәрте «Ерлігі үшін» медалінің иегері, «Сталинградты қорғағаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысқаны үшін» және тағы басқа да көптеген төсбелгі, марапаттарға ие болған көркем сөз зергері Кемел Тоқаев туралы кеңінен шығармаларын оқырмандарға таныстырып, сонымен қатар небір шытырман оқиғалардың куәсі болғандай сезінесің.

«Қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының атасы» атанған Кемел Тоқаев – шоқтығы биік туындыларымен оқырмандарын баурап алған хас талант, дарын иесі. «Кемел Тоқаев – қазақ жазушыларының ішіндегі оқырманы ең көп қаламгерлерлердің бірі болды. Өзі таңдап алып, негізін қалаған детективтік жанрда алдына жан салған жоқ, – дейді Әзілхан Нұршайықов жазғандай қазақ әдебиетінің тарихында бұрын-соңды болмаған детектив жанрының негізін қалап, оны жоғары дәрежеде оқырмандарының сезім пернелеріне жеткізе білген жазушының таланты өз заманында-ақ еліміздің кеңістігінен асып, әлем жұртшылығын да мойындатқаны шындық.

Әдебиет тарихында, сөз өнері атты ғажайып әлемде өзіндік ізі мен қолтаңбасы айырықша кестеленген жазушының қаламынан туған шынайы оқиғалармен танысасың әрі сүбелі сөздердің ғажайып әлеміне енесің. Қазақ әдебиетінің тарихында бұрын-соңды болмаған детектив жанрының негізін қалап, оны жоғары дәрежеде оқырмандарының сезім пернелеріне жеткізе білген жазушының таланты өз оқырмандарын шынайылыққа, әділдік  арқылы ерліктің ерен үлгісін танытқан кейіпкерлердің бейнесін, ерлік ісін танимыз.

Атап айтқанда,  «Таудағы жаңғырық», «Сарғабанда болған оқиға»повестері мен  «Көмескі із», «Солдат қабірінің басында» әңгімелері детектив жанрындағы «Солдат соғысқа кетті» романы, «Түнде атылған оқ», «Тасқын» повестері және тағы да басқа шығармалары шытырман оқиға желісі арқылы оқырманға тартымды, тілі жатық әрі түсінікті оқылады. Жазушы қаламынан туған, ешкімге ұқсамайтын өзіндік қолтаңбасы бар Кемел Тоқаев туындылары –елі мен жерін қастерлейтін нағыз отансүйгіштіктің құралы.

Светлана Нұрғазықызы ИСАЕВА,
№19 М.Жұмабаев атындағы мектеп
гимназияның қазақ тілі мен әдебиетінің
мұғалімі, Алматы облысы, Талдықорған қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий