“Жас қыран” жаңа жинағында жүз талантты студенттің есімі бар

Былтырғы желтоқсан айының бірі күні елордасында “Бөбек жалпыұлттық қозғалысы” заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің бастамасымен “Жас қыран” республикалық талантты студенттердің IV кітап жинағының таныстырылымы ұйымдастырылған болатын. 

Бұл байқауға әлемді әбігерге салған дертке байланысты сырттай қатысу түрі арқылы өткізілген жобаға еліміздегі ғылым, өнер, спортта ұйымдастырушылық қабілеттерімен жоғары жетістікке жеткен ең үздік 100 студент қана бәсекелік негізде іріктеліп қатысты. Республикалық «Жас қыран» талантты студенттердің кітап жинағына өтінім білдіруші студенттер іріктеліп, үздіктеріне «Оқу барысында білім, ғылым, өнер, спорт саласына қосқан айрықша еңбегі үшін «Үздік студент» төсбелгісімен және «Жас қыран» республикалық талантты студенттердің кітап жинағымен марапатталды.

– ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты барша отандастарымызға арнаған кезекті Жолдауындағы ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру және еліміздің талантты жастарының жетістіктерін насихаттау мақсатында «Жас қыран» республикалық талантты студенттердің кітап жинағы жобасын ұйымдастырған болатынбыз. Жобаға отандық жоғары оқу орындары студенттерінен 1500-ге жуық өтініш келіп түсіп, ең үздік жүз білімгер таңдалды. Іріктеу кезіндегі басты басымдық студенттердің сабақ үлгеріміне, «Алтын белгі» иегерлеріне, халықаралық, республикалық олимпиадалардың, конференциялардың жеңімпаздарына, ҚР Ұлттық құрамасының мүшелеріне, халықаралық спорт жарыстарының жүлдегерлері мен волонтерлерге  басымдық берілді, – дейді “Бөбек жалпыұлттық қозғалысы” ЗТБ ресми өкілі Тасболат Серікқалиұлы Серікқалиев.

Нұрлан ТІЛЕГЕНҰЛЫ

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий