Арнаулы орта оқу орнының студенттерін цифрлық технологияларды қолдану арқылы ғылыми зерттеу жұмыстарына жұмылдыру

Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген кезеңде қолға алар ісіміздің бірі – ұрпақ тәрбиесі болды. Халқымыздың болашағы – бүгінгі ұрпағы. Бүгінгі таңда мемлекетіміз өз тәуелсіздігін алып, өзінің дербес мемлекеттілігін қалыптастыруда. Болашақ мемлекетіміз ұрпаққа деген сабақтастықтан туындайтын дүние болғандықтан, әр халықтың болашағы жастарына тәуелді екені даусыз мәселе. Егер бүгін жастар өз халқының рухымен тәрбиеленіп өспесе, онда елдің келешегі бұлыңғыр болмақ. Өйткені, ұлттың барша мұрасы жастарға аманат етіледі. Ал, жастар оны сақтамаса және өзінен кейінгілерге тапсырып кетпесе, біртіндеп ұлттың атауы да өшіп жоғалмақ.

Бәріміз білетіндей, елімізде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы іске қосылады. Негізі жақсылықтан бастау алған, осынау жобаны Мемлекет басшысы кешегі халыққа арнаған Жолдауында ерекше атап өткен болатын.Елбасының атап өтетіндейі де бар, ақпараттық технологиялардың қарыштап дамып бара жатқан мына заманында IT саласын дамытпасақ, дамыған елдің қатарынан көріну бізге жай арман боп қалары анық. Өйткені, өркениетті елдердің барлығы осы сандық жүйеге көшіп, өнеркәсібінің дамуын және халқының әл-ауқатын жылдан-жылға жақсартып келеді. 

Президенттің соңғы Жолдауының ерекшелігі сол, мұнда Қазақстанда биыл үшінші жаңғырудың басталатыны ресми айтылды. Яғни, елімізде үлкен экономикалық және технологиялық дүмпу болуы тиіс. Ал, ол үшін ең алдымен тағы сол IT саласына басымдық беріледі. “…Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет”. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты. 

Осыған орай, Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырамын…”, – делінген ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауына бізде білім саласында өз үлесімізді тигіземіз деген сенімдемін. Әлем бойынша жаңа оқу модельі жасалып жатыр. Одан Қазақстанда құр қалмады. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі прогрессивті шет елдердің тәжірибесін зерделеуге, білі ктілік деңгейін көтеруге, жұмыс тәжірибесі мен тәжірибе бөлісу мақсатында шетелге сапарларды ұйымдастыруға үлкен көңіл бөледі. Мысалы, келешектің ғылыми зерттеулеріне негізделген болашақ стратегияларының бірі «Школа Мун Соль КАІSТ» (Оңтүстік Корея), табысты және жоғары сапалы білімге кепілдік береді. 

Алматыда KAIST-тің болашақ біліміне арналған зерттеу тобы жұмыс істейді, оның төрағасы – профессор Уон Дон Ён. Болашақта сіздер, жастар мемлекетіміздің дамуына тыңбай еңбек етіп, жаңа жетістіктерге жетулеріңіз қажет. Біздің колледжде мамандыққа деген қызығушылығын арттыру үшін колледж студенттері жыл сайын «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның түрлі номинациялары бойынша ұйымдастырған студенттердің ғылыми жобаларының республикалық конкурсына қатысады. Бүгінгі таңда «Магистраль» номинациясын бойынша республикалық білім беру грантының иегерлері болып, колледждің отыз студент жеңіп алды.

Осы бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстары жалғасуда. Соған орай 2017 жылдан бастап «АКЖТ»-ң дарынды студенттермен қосымша сабақтар ұйымдастырылды. Сондай-ақ оқу және тиеу-түсіру дағдыларын, схемасын, микробақылау технологиясын, информатика негізін, электроника, бағдарламалау және робототехниканы оқыту үшін Akzht tech_lab «Технология зертханасы» ашылды. Біздің колледжде мамандыққа деген қызығушылығын арттыру үшін колледж студенттері жыл сайын «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның түрлі номинациялары бойынша ұйымдастырған студенттердің ғылыми жобаларының республикалық конкурсына қатысады. 

Бүгінгі таңда «Магистраль» номинациясын бойынша республикалық білім беру грантының иегерлері болып, колледждің отыз студенті жеңіп алды. Осы бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстары жалғасуда. Соған орай 2017 жылдан бастап «АКЖТ»-ң дарынды студенттермен қосымша сабақтар ұйымдастырылды. Сондай-ақ оқу және тиеп түсіру дағдыларын, схемасын, микробақылау технологиясын, информатика негізін, электроника, бағдарламалау және робототехниканы оқыту үшін Akzht tech_lab «Технология зертханасы» ашылды. Оқушылар жұмысты аяқтау үшін түрлі бағдарламалар жазуға және құрылғыларды қосудың жолдарын зерттеуге болады; Олар жобалау және дамыту сызбаларын, диаграммаларын және бағдарламалық қамтамасыз ету құрылғыларын, олардың қолдарымен денесін көтеру үшін қажетті компоненттерін орнату жүзеге асыруға басқарма өндірісін жасауға, іске қосуға, оларды жоюдағы ақаулар мен кемшіліктерді анықтау үшін мүмкіндік берілді.

«Akzht tech_lab» зертханасында оқу-әдістемелік құралдарға сәйкес білім беру жобалары әзірленді; модельдер, симуляторлар; оқу үрдісіне арналған көрнекі құралдар. Колледж зертхананың функцияларын жеке жоба ретінде кеңейту үшін бірнеше түрлі бағыттарды жоспарлады,  жүзеге асырылып жатыр. Үйірменің құрылу мақсаты: студенттерге өз мамандықтарына арнайы пәндерге деген қызығушылығын арттыруға, қосымша қондырғылар арқылы жұмыс жасау арқылы, өз мамандықтарына деген жеке ғылыми ойлар қалыптастыруға мүмкіндік беру. Үйірме жұмыстары колледждің шеберхана базасында ұйымдастырылады. Үйірме жұмыстарын жүргізгенде студенттерге қосымша материалдар құрал-саймандар, плакаттар және қосымша қондырғылар қолданылады.

Үйірмеге қатысу процесінде студенттер өнертапқыштық-рационализаторлық жұмыстармен, сонымен қатар электрлік қондырғыларды ақпараттық технологиялар арқылы басқарып,өздерін ойларын компьютердің көмегімен ұштай алады. Макетті дайындауда олар шеберханалар мен аудиторияларға арналған көрнекі құралдар мен жабдықтарды шығаруға қатысады. Үйірме жұмысының нәтижесі әртүрлі құрылғыларды оқытуға, жаңа өнімдерді әзірлеуге, шкафтардағы көрнекі құралдарға, техникалық шығармашылық көрмелерге қатысу болып табылады.

Елімізде орын алып келе жатқан, әлеуметтік-экономикалық түрлену, инновациялық даму жолына қадам басу, мәліметтердің көлемінің ұлғаюы, басқару функцияларының кеңеюі, кәсіптік деңгейдегі талаптардың өзгеруі, қоғамда жоғары кәсіптік білімнің талап етілуі, болашақ мамандарды даярлаудағы сұрақтардың шешімі. Ғылыми техникалық өрлеу ғылымның барлық саласына мен біздің өмірімізге тез  еніп кеткені соншалық, өндірістегі жас мамандардан тек қана теориялық ауқымды ой-өрісі кең маман талап етуімен қатар, болашақ маман әртүрлі шығармашылық тапсырмалардың да шешімін таба білуі қажет. 

Осыған орай, бітіруші түлектің мамандық саласында туындағын сұрақтардың шешімін таба білуі, тәжірибелік білімінің жоғары болуы, жаңа танымдық ситуатцияларға тез бейімделуі, мәліметтерді тез қабылдап, оларды жүзеге асыруға, шешімі табылмаған дүниелерді тауып, толықтырып, олардың қолданылуын заң аясында білуі, жұмысының жетістіктерін саралай білуі, өзінің білімі мен шығармашылық тұлға екенін көрсету білуі қажет.

Осыған байланысты заманауи жас маман өз мамандығының тек қабырғасы аясында ғана білімі болмай, тәжірибелік шығармашылық жұмыстардағы тапсырмалардың тез шешімін таба білуі қажет, үнемі өз біліктілігін толықтырып, өндірістегі өзгертілген шарттарға тез сіңісіп кетуі керек. Сонымен сөзімізді қорытындылай келе, жастардың басым көпшілігі ғылыммен айналысуды заманауи және табысты іс деп біліп,оны цифландырумен байланыстыруды жөн көріп, пайдалы істермен айналысатындарын көрсете білді.

Алмаз Айдарбекұлы ҚАЛИЕВ, 
Алматы темір жол көлігінің директоры

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий