Компьютерге арналған ұлттық қазақ ойыны: “Қазақ шаңырағы” (qaz-sh.tarsu.kz)

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Дәстүр және ғұрып» арнайы жобасы аясында қазақ ұлттық ойындарын цифрландыру мақсатында патенттелген «Қазақ шаңырағы» инновациялық-танымдық ойынының WEB-қосымшасын (qaz-sh.tarsu.kz) даярлады, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Мақсат – «Қазақ шаңырағы» ойынының компьютерлік моделін жасау арқылы қазақ ұлттық ойындарын кеңінен насихаттау, танымал ету, мәдени құндылықтарды тарату. Елбасының бастамасымен басталған “Рухани жаңғыру” бағдарламасы – бүгінде қоғам тіршілігінің барлық саласын қамтитын, ұзақ және қысқамерзімді перспективадағы жан-жақты даму векторларын айқындайтын, ұлттық деңгейдегі және қазақстандық қоғам дамуының өзіндік идеалогиялық платформасына айналған мегажоба. Себебі, заманауи қазақстандық мәдениет, озық білім, ғылым және басқа да түрлі бағыттарды жетілдіруде, жалпы жаңа қазақстандық патриотизмді дамытуда едәуір серпіліс берген бірегей бағдарлама.

Рухани жаңғыру идеясы ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып, атамекенмен ұлттың бір болуын, үнемі ұрпақ пен туған жердің байланысуын негіздейді. Рухани жаңғыру ұлттық болмыстың негізінде мемлекет өмірінде қалыптасатын интеллектуалдық өріс. Халықтық педагогиканың тиімді құралдарының бірі және жастарды тәрбилеудің бір құралы – ұлттық ойындар. Қазақ ұлттық ойындары – оқушылардың ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіруге ықпал етеді.  Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді.

Ұлы педагог В.Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды», – дейді.  Әсіресе цифрландыру кезеңінде қазақ ұлттық ойындарының компьютерлік моделін даярлаудың маңызы зор. Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: – Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық  дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет…”,- деп көрсеткендей қазақ ұлттық ойындарына заманға сай формат берудің өзі – рухани жаңғырудың бір бөлігі.

Бүгінде цифрландыру – бәсекеге қабілетті экономиканы дамытуды және халқының тұрмыс сапасын жаңа деңгейге көтеруді мақсат тұтқан әлем мемлекеттері жаппай ұстанып отырған тренд. Аталған айтулы үрдіске ілеспеген, ең бастысы, бел шешіп кіріспеген жағдайда, мемлекеттің болашағы бұлыңғыр болатындығы сөзсіз. Білім және ғылым саласын цифрландыру дегенміз – орта білім жүйесін ақпараттандыруды дамыту немесе білім беруді және ғылымды басқару үрдісін автоматтандыру және ІТ мамандарын даярлаумен қатар жастарды тәрбилеудегі негізгі құралы – ұлттық ойындардың да компьютерлік моделін, сонымен қатар мобильді қосымшаларын дайындау.

Бұл да өз кезегінде білім сферасындағы цифрландырудың ең басты міндеті – білім беру сапасын арттыруға өз септігін тигізері анық. Еліміздегі төтенше жағдайдың өзі қоғамға, әсіресе соның ішінде жасөспірімдерді оқыту мен тәрбиелеудегі қажетті құралдардың барлығын цифрландыруға толықтай көшіру керектігін дәлелдеп берді. Қазақ ұлттық ойындарының компьютерлік моделін даярлау тәжірибесі жалпы елімізде тың бастамалардың бірі десек болады. Себебі осы уақытқа дейін қазақ ұлттық ойындарының ішінде тек тоғызқұмалақтың компьютерлік моделі мен мобильді қосымшасы бар, сонымен қатар «Теңге алу» ойынының компьютрлік моделі осыдан екі жыл бұрын еліміздің шығыс өңірінде даярланған.

Содан кейін мұндай тәжірибені біздің жоғары оқу орнының мамандары қолға алып, «Қазақ шаңырағы» инновациялық-танымдық ойынының WEB-қосымшасын дайындады. Дулати университеті әзірлеген даярланған WEB-қосымшасының ерекшелігі – «Қазақ шаңырағы» ойыны патенттелген, оның авторлары университет оқытушылары. Демек, университет оқытушыларының – «Спорт менеджмент» кафедрасының аға оқытушылары Шилібаев Бекболат Аманжолұлы, Минарбеков Дархан Ізтілеуұлы  және «Дене шынықтыру» кафедрасының аға оқытушысы Бекбергенова Жанар Ешеналықызының ойлап тапқан ойынының компьютерлік моделі даярланды.

Уинверситеттің кәсіби мамандары осы бағдарлама аясында бірқатар цифрландырылған форматтағы жобаларды жүзеге асырды. Сол жобаларда п.ғ.к., доцент Муратова Гауһар Имашевна басқарып отырған Ақпараттық технологиялар, автоматика және телекоммуникация факультетінің ІТ мамандары белсенділік танытуда.  Соның ішінде факультеттің аға оқытушысы Мусинов Ербол Жамбыл облысы этностарының интерактивті тарихи картасы менQazalipbi.kz онлайн бағдарламасын даярлады, сондай-ақбиылғы оқу жылынан бастап Kibersaqshy (киберсақшы) жобасын жүзеге асыруға атсалысуда. Аталмыш факультет «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Дәстүр және ғұрып»жаңа арнайы жобасы аясында #дәстүр хэштегімен басталған  факультетаралық эстафетаны бастап, «Үмеге келген үндемей қалмас», «Сырға салу» секілді анимациялық роликтер даярлады. Бұл роликтер Бағдарламаның «RUH.KZ» ресми сайтында жарияланды.

«Қазақ шаңғырағы» ойынының ережесі бойынша жалпы 63 тастан құралады. 63 таста қазақ дүниетамына, құндылығына байланысты суреттер бейнеленген.  Ойынды екі ойыншы ойнайды, 1-ойыншы ойынға кірген адам, 2-ойыншы компьютер. Әр ойыншыда 7 тастан болады. qaz-sh.tarsu.kz сілтемесі арқылы ойынға кіріп, оның ережесімен толық танысуға болады. Әзірге ойынды екі ойыншы ғана ойнауға болады. Бірақ Дулати университетінің мамандары биылғы оқу жылының соңына дейін ойындағы ойыншылар санын арттырып, тіпті онлайнда адам мен адамның ойнау мүмкіндіктерін қарастырмақшы.

Күтілетін нәтиже: «Қазақ шаңырағы» ойынының компьютерлік моделі(qaz-sh.tarsu.kz). Іс-шараны ұйымдастырушылар: М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті. «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің бас маманы Мырзабаева Балмира, тел: 87026292192. Негізгі мақсаттары мен міндеттері: М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Дәстүр және ғұрып» арнайы жобасы аясында қазақ ұлттық ойындарын цифрландыру мақсатында патенттелген «Қазақ шаңырағы» инновациялық-танымдық ойынының WEB-қосымшасын (qaz-sh.tarsu.kz) даярлады.

Басты мақсат – «Қазақ шаңырағы» ойынының компьютерлік моделін жасау арқылы қазақ ұлттық ойындарын кеңінен насихаттау, танымал ету, мәдени құндылықтарды тарату. Негізгі түсініктер: «Дәстүр және ғұрып» бағытын жетілдіру бойынша «Қазақ шаңырағы» инновациялық-танымдық ойынының WEB-қосымшасын (qaz-sh.tarsu.kz) даярлау. #QazaqShanyragy.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий