ЭкоФЕСТ-2021: Еліміздің жас экологтары кездесті

Білім және ғылым министрлігі тарапынан биылғы жылға бекітілген жоспар кестеге сәйкес “Балдәурен” республикалық оқу-сауықтыру орталығының оңтүстік өлкедегі филиалында алғашқы ауысым қаңтар айының 8 – 27 күндері аралығында “ЭкоФЕСТ-2021″ республикалық жас экологтар кездесуі атауымен ұйымдастырылуда.

Жүздесуге экологиялық ұйымдардың мүшелері, балалар үйінің тәрбиеленушілері, аз қамтылған отбасылардың перзенттері, оқу озаттары, жаратылыстану бағытындағы пәндерден халықаралық, республикалық, облыстық олимпиада жеңімпаздары жиналды. Шара барысында оқушыларды экологиялық білімге, шығармашылық зерттеулерге тарту және қатысушылар арасында белсенді өмір мен азаматтық ұстанымдарды қалыптастыру мақсатында зияткерлік сайыстар, танымдық, спорттық ойындар және облыстық экологиялық департаментінің кәсіби мамандарымен кездесті.

Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі оқушыларымен «Таза болса табиғат…»  тақырыбында телекөпір жүргізілді. Алатаудың бөктерінде орналасқан кереметтей мекеннің саф ауасымен тыныстаған қатысушылар бір-бірімен етене таныстық барысында жақсы достар тауып, ұйымдастырылған іс-шараларға белсене қатысулары арқылы шығармашылық қабілеттірін шыңдады. «Бұлақ көрсең көзін аш», – демекші дарынды да талантты жастардың жан-жақты дамуына үлес қосу ұстаздар қауымының педагогтық парызы.

Тәуелсіз еліміздің өркендеуі жолында өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие беріп, рухани құндылықтарды бойларына сіңірсек болашағымыздың жарқын болары анық. Биылғы жылдың алғашқы ауысымындағы жергілікті қызметкерлердің бастамаымен ұтымды ұйымдастырылатын қызықты шаралар алдағы уақытта жарасымды жалғасын табары даусыз.

Салтанат Мелдебекқызы ҚАНАЕВА,
“Балдәурен” республикалық оқу сауықтыру
орталығы филиалындағы әдістемелік
бөлімнің әдіскері, Түркістан облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий