НЗМ – Шымкент: Ернар Бекбаш Абу – Дабидегі Нью – Йорк университетінің грантын иеленді

Шымкент қаласындағы физика математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Ернар Бекбаш Абу-Дабидегі Нью-Йорк университетінің (NYUAD) толық грантына ие болды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі. 

$320,000 сомасындағы грант оқу ақысынрейстердістуденттің академиялық бағдарламасы шеңберіндегі барлық халықаралық сапарлардытұрғын үй мен тамақтанумедициналық сақтандырукітаптар және басқа да көптеген шығындарды қамтиды. Нью-Йорк университетінің дипломы SpaceXAmazonGoldman SachsMcKinsey & Company, Google сынды ірі компанияларға жұмысқа тұруға мүмкіндік береді. Университет бүкіл әлем бойынша жиырма алтыншы орында және жұмысқа орналасу деңгейі бойынша он бірінші қатарға тұрақтаған.

Бұл жоғары оқу орнына студенттерді қабылдау деңгейі 3%-дан кем болғандықтан, Абу-Дабидегі Нью-Йорк университеті әлемдегі студенттерді таңдауда ең талапшыл университеттердің бірі. Салыстырмалы түрде аталмыш университет Гарвардтың өзінен аз студент қабылдайды.  Бала кезімнен математиканы жақсы көріп, мектеп олимпиадаларына қатыстым. Ал жетінші сыныпта физика пәнімен танысқан соң,  осы пәнге деген үлкен қызығушылық оянды. Физикадан түлі тапсырмаларды шешіп, тәжірибелер жасай бастадым. Осы пәндерге тікелей байланысты мамандық таңдап, инженерияны таңдауым керек екенін түсіндім, − деді бізбен әңгімесінде Ернар. 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий