Дулати университеті: Оқу форматы турасындағы тікелей эфир

Дулати Университетінің бірінші проректоры Ержан Әмірбекұлы жаңадан басталған екінші семестрдің оқу форматын түсіндіру мақсатында тікелей эфирге шығып, студенттердің сұрағына жауап берді, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының медиа қызметі.

Білім және ғылым министрлігінің былтырғы желтоқсан айының 28-і күні қабылдаған №548 бұйрығына сәйкес 1-курс студенттері биылғы қаңдардың 25-інен бастап сабақты университетке келіп оқиды. Бірінші курс студенттері үшін сабақ аралас форматта ұйымдастырылатын болады. Яғни, сабақтың жетпіс пайызы дәстүрлі режимде, ал отыз пайызы онлайн бойынша. 2-3 курс студенттері мен магистранттар, докторанттар үшін қашықтан оқыту сақталады. Біздің жоғары оқу орнының әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы ұйымдастырылған тікелей эфир барысында Ержан Әмірбекұлы оқу орнындағы сақтық шаралары туралы да толық айтып берді.

– Бірінші курс студенттері үшін университет қабырғасына келіп оқу аса маңызды. Олар өздерінің студент екенін сезініп, универсиет табалдырығын аттатуы тиіс. Сосын ұстаздарымен танысып, дәстүрлі форматта оқуы қажет. Оқу орнында студенттердің қауіпсіздігі үшін барлық шаралар жүзеге асырылады. Аудиторияда студенттер арасында 1,5-2 метр арақашықтық сақталады және қатаң маскалық режим ұсталады. Ауру белгілері бар студенттер қашықтан оқи алады. Ол үшін студент деканатқа өтініш жазуы керек. Шетелдік студенттеріміздің де қашықтан оқуға мүмкіндіктері бар. Қандайда бір жағдайға байланысты студент сабаққа келмеген жағдайда ол барлық мәліметті порталдан ала алады. Ішкі тәртіпке сәйкес, дене шынықтыру пәні қашықтан онлайн режимінде оқытылатын болады, – деді бірінші проректор.

Елдегі эпидемиологиялық жағдай реттелгенше бірінші курс студенттерінен  басқасы қашықтан оқу форматында білім алатындығын айрықша атап айтқан Ержан Әмірбекұлы дәстүрлі оқу режиміне көшетін сәт те алыс емес екеніне сенім білдірді. Сондай-ақ, студенттердің жиі қоятын сұрақтардың жауабы университет сайтына орналастырылатынын айтып, студенттер мен ата-аналарды оқу орнының жаңалықтарынан құлағдар болып жүруге шақырды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий